Бас прокуратура блокчейн технологиясын енгізуде

03 сәуiр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде блокчейн технологиясы бойынша прокуратура қызметкерлеріне арналған үш күндік семинар-тренинг өткізілді. Шара Еуропа одағының «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» (EUCJ) жобасының жәрдем көрсетуімен  ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты – ақпараттық технологиялар өнімдерінің қауіпсіздігін, ақпараттың өзгермеуінің кепілдігін, сондай-ақ дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін блокчейн технологиясын прокуратура жұмысына енгізу.

 Тәуелсіз сарапшы, әлемдегі ең танымал ақпараттық-сараптамалық  ресурстардың бірі «Blockchain» негізін салушы - Едиге Давлетгалиев блокчейн технологиясын қолдану тәжірибесімен бөлісті. Ол аталған технологияның архитектурасы, оны мемлекеттік секторға интеграциялау мүмкіндіктері, халықаралық стандарттар тұрғысынан деректер желісін жетілдіру мүмкіндіктері туралы айтып берді, сондай-ақ блокчейнді жасаудың негізгі сәттерін іс жүзінде көрсетті.

Семинар қатысушылары алған білімдер мен меңгерген дағдылар Бас прокуратураның «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» жобасын үшінші адамсыз, блокчейнді қолдану арқылы іске асыруға көмектесетінін атап өтті.

Бұл технологияны енгізудің нәтижесінде деректер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы бұрмалау болдырылмайды, азаматтар айыппұлдардың, олардың төленгені туралы деректердің т.б. дұрыстығына сенімді болады.

Блокчейн – біркелкі бөлінген жеке-жеке деректер базасында сақталатын шифланған ақпарат (цифрлы есепке алу журналы).

Blockchain термині оның міндеттері мен мақсатына сипаттама береді: «Block» - блок, құрсау, «chain» - тізбек. Осылайша, қатаң реттілікті ұстанатын блоктар тізбегі. Блоктардағы ақпарат кодталған криптографиялық нысанда сақталады. Блоктарды өзгерту үшін бүкіл тізбек бойынша ескі блоктар туралы ақпаратты ретімен есептеу қажет.

Блокчейнге барлық деректер жинақталады және тұрақты түрде толықтырылып отыратын деректер базасы қалыптастырылады. Бұл деректер базасынан бір нәрсені алып тастау немесе блокты ауыстыру/басқасын қою мүмкін емес. Ол «шексіз» - онда транзакцияның шексіз санын жазуға болады. Блокчейннің басты ерекшеліктерінің бірі осы.

           Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу