You are here

Бас прокуратура басшылығындағы өзгерістер туралы (Астана қ., 2016 жылғы 3 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Жақып Асанов Бас прокуратураның, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың ұжымдарына Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған Бас Прокурордың орынбасарлары Ерлік Кененбаев пен Марат Ахметжановты таныстырды.

Ж.Асанов атап өткендей, жоғары мемлекеттік лауазымдарға тағайындау Мемлекет басшысының сенімін білдіреді және бұл олардың жеке әрі кәсіби-іскерлік қасиеттеріне негізделген.

Е.Кененбаев пен М.Ахметжановтың құқық қорғау органдарындағы көп жылдық мінсіз қызметі, принципшілдігі, талапшылдығы және бастамашылдығы еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің одан әрі нығаюына септігін тигізетін болады,-деп атап көрсетті Бас Прокурор.   

Ерлік Кененбаев құқық қорғау органдарында 1985 жылдан бері қызмет етеді. Аудандық прокуратура тергеушісінен мемлекеттік орган басшысының орынбасарына дейінгі мансаптық өсу жолының барлық сатыларынан өткен. Алматы облысының прокуроры, ішкі істер вице-министрі, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2014 жылдан Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңігерушісі болды. Қаржы полициясының генерал-майоры.

Марат Ахметжановтың құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар, прокуратура, Мемлекеттік тергеу комитеті, әділет және ішкі істер министрліктері тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеген. Қызмет жолында Бас прокуратураның департамент бастығы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасы, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған. Кейінгі жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің жетекшісі болып қызмет істеді. ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.

Бас Прокурор оларға жаңа лауазымдарында жетістіктер тіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.