Бас прокуратура азаматтарды сайлау заңнамасын бұзбауға шақырады

23 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылғы 23 мамыр, Нұр-Сұлтан қ.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ел Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңдылықты, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарының сақталуын ерекше бақылауда ұстауда.

Қазіргі уақытта интернет желісінде осы заңның талаптарын бұзушылықтар тіркелді.

Нақты айтқанда, «Nur.kz» Интернет-ресурсының меншік иесімен Орталық сайлау комиссиясына міндетті түрдегі хабарлаусыз сауал салу жүргізу фактісі анықталды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде осындай сауал салуларды жүргізу байқалады. Аталған фактілер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Атап айтқанда, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауал салған (ӘҚБтК 120-бабы 3-тармағы) Алматы қаласының тұрғыны а.ж. 17 мамырда 15 АЕК мөлшерінде (37 875тг) айыппұл төлеуге тартылған.

Осыған ұқсас «Facebook» әлеуметтік желісінде жасалған құқық бұзушылық үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Осыған байланысты, Бас прокуратура азаматтарға сайлау процесі барысында заңдылықты сақтау қажеттілігі және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабында сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзғаны үшін жауаптылық көзделгені туралы еске салады.

Бұл ретте, азаматтарға мұқият болып, әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын үшінші тұлғаларғдың құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалануына жол бермеу ұсынылады. 

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу