You are here

Бас прокуратура азаматтарды қабылдау бойынша жаңа Қағидаларды бекітті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 9-қазанынан бастап прокуратура органдарының лауазымды тұлғаларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаудың жаңа қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қолданысқа енгізілді.

Қағидаларға сай Бас прокуратура, облыс және оған теңестірілген прокуратуралардың басшыларына қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Өтініміді Call-орталығына (115) қоңырау шалу немесе «115.kz» және «egov.kz» порталдары арқылы, сондай-ақ жазбаша өтініш беруге болады.

Қабылдауға жазу прокуратура органдарының құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша жүргізіледі.

Бас прокуратура басшылығы қабылдауды кемінде айына бір рет, облыстар - аптасына бір рет жүргізеді. Сонымен қатар енді облыс және аудан прокурорлары олардың берген алдыңғы жауаптарының болғанына қарамастан қабылдауға міндетті. 

Басқа қызметкерлер, соның ішінде аудан прокурорлары да   қабылдауды қажеттілік туындағанына байланысты күнделікті жүргізеді (жазылу қажет емес).

Қабылдауға өкілеттік берілген прокуратура органдарының қызметкерлері         бекітілген кестелерге сәйкес жұмыс уақытында сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін күнделікті қабылдайды.  

Ішкі істер органдарында, пенитенциарлық және арнаулы мекемелерде (тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, арнаулы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары, гауптвахталар) азаматтарды қабылдауды бекітілген кесте бойынша кезекші прокурорлар жүргізеді. Кестені мекемелердің ғимараттарында көріп-танысуға болады.

Қажетілікке қарай облыс прокурорлары өтініш берушілерді қабылдауды өздерінің орынбасарларына тапсыруы мүмкін.

Алғашқы кездегідей, арыз иелері өтініштің қарауына жеке қатысуға және құжаттар ұсынуға құқылы.

Облыстық және аудандық прокуратуралардың қызметкерлері жеке қабылдаудан түскен өтініштерге жауапты қанағаттандырудан бас тартуға себеп болған негіздерді түсіндіріп, өтініш берушінің жеке өзіне тапсырады.

Қағидаларда Бас прокуратура басшылығының қабылдауына жазу жүргізілмейтін негіздер де көрсетілген. Оларға келесі жағдайлар жатады:

- сол мәселе бойынша бұрын қабылданған немесе, тиісінше, Бас Прокурордың және оның орынбасарының жауабы бар болғанда;

- егер Қылмыстық-процестік кодекстің 106-бабының 1-бөлігіне сәйкес арыздардың қаралуы соттың құзыретіне кіретін болса, сондай-ақ сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша; 

-  сот актілеріне шағым беру мерзімін өткізіп алған кезде;

- Азаматтық процестік кодекстің 54-бабының 2-бөлігімен көзделмеген істер бойынша сот актілерін даулағанда (міндетті емес санаттағы істер бойынша);

- кассациялық тәртіпте қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне шағымданғанда (АПК-тің 429-бабының 7-бөлігі, 434-бабының 2-бөлігі және ҚПК-нің 484-бабының 2-бөлігі).

Сонымен қатар, Бас прокуратура басшылығының қабылдауына азаматтардың Құқық қорғау қызметтері орталығы арқылы жазылуына мүмкіндіктері барын назарға саламыз.

Қағидалардың толық мазмұнымен келесі сілтеме арқылы  танысуға болады.

 

Анықтама ретінде: Бұдан бұрын хабарланғандай, халықпен жұмыстың сапасын жақсарту мақсатында ағымдығы жылдың шілдесінде Бас прокуратураның ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығы (бұдан әрі – Орталық) ашылды.  Оның құрылуы құқықтық қызметтерді бір жерге орналастыру туралы Ұлт жоспарының - 100 қадамынан туындаған.

Орталықтың негізгі мақсаты - шағымдарды жедел шешу, азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарына сенімін арттыру,  әкімшілік кедергілерді және бюрократияны жою болып табылады.

Ол ХҚКО-ғы сияқты жұмыс жасайды, бірақ тек құқық қорғау мәселері бойынша. Орталықта тәжірибелі прокурорлармен бірге басқа органдардың өкілдері, адвокаттар, пробация қызметі және психолог азаматтарды қабылдайды, заңдардың қолдану сұрақтары бойынша кеңес береді және өтініштерді дайындауға көмек көрсетеді. Прокурордың қабылдау барысында нақты істерді алдыруға, төмен тұрған прокурорлардың процессуалдық шешімдердің заңдылығын тексеруге, сондай-ақ арызды «Электрондық үкімет» порталы арқылы басқа ведомтвоға құзыреттілігі бойынша жолдауға мүмкінішілігі бар.  

Орталықтың екі ай жұмыс жасаған кезінде прокурорлар 1 110 астам азаматтарды жеке қабылдады, 616 тұлғаларға құқықтық кеңес берді, 341 арыз қабылдап, өңірлерге тиісті тапсырмалар жолдады.

134 келушілерге Орталықтың психологы көмек көрсетті, 134 азаматқа адвокаттар тегін көмек берді.

Осындай Орталықтар Ақтөбе мен Қызылордада қызметін бастап кетті, жылдың аяғына дейін барлық өңірлерде ашуды жоспарлап отырмыз.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Press@prokuror.kz
71 27 66
71 28 19

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.