You are here

Бас прокуратура алқасының отырысы туралы баспасөз-хабарламасы (Астана, 18 қараша 2013ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы болып өтті, онда қасақана адам өлтіру қылмыстарын ашу, осы санаттағы істер бойынша сот-тергеу практикасы мен прокурорлық қадағалау бойынша заңдылықтың және ішкі істер органдары жедел-іздестіру қызметі тиімділігінің жай-күйі туралы мәселелер қаралды.

Алқаның жұмысына Президент Әкімшілігінің өкілдері, ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктерінің, Жоғарғы Соттың басшылары мен жауапты қызметкерлері, Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Бас Прокурор отырысты аша отырып, талқыланатын тақырыптың аса өзектілігін атап өтті, адамның денсаулығы мен өмірін қорғаудың құқық қорғау органдарының бірінші кезектегі міндеттері болып табылатынына тоқталып өтті.  

Бұл бағытта Ішкі істер органдары айтарлықтай жұмыс атқарды. Қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін аса ауыр қылмыстардың санын азайтудың елеулі үрдісіне қол жеткізілді. Мәселен, ағымдағы жылғы 10 айда өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда тіркелген адам өлтіру қылмыстарының саны 13,5 % азайды. Қылмыстардың ашылуы 80%-ға жуықтады, қоғамдық пікірге арқау болған бірқатар адам өлтіру қылмыстарының беті ашылды.

Олар ең алдымен, қылмысты ашу көрсеткіштерін жасанды түрде асыра көрсетудің ескірген практикасы туралы болып отыр, соның салдарынан түрлі қитұрқы амал-шарттарға жол берілуде – қылмыстық істер заңсыз тоқтатылуда, қылмыстар болса, заңсыз қайта саралануда және есепке алудан жасырылуда. Өткен жылы жасалған 5311 қылмыстың ішінде, биылғы жылы олардың 49 ғана ашылды.  

Қалыптасқан жағдай жедел-тергеу топтары жұмыстарының тиісінше ұйымдастырылмауы, жер-жерлердегі профилактикалық жұмыстардың төмен болуы салдарынан орын алып отыр.

Осыған байланысты, Бас Прокурор адам өліміне қатысы бар қылмыстарды ашудың қолданыстағы формуласын қайта қарауды ұсынды, ол тергеу органдары жұмысының тиімділігінің объективті көрінісін анықтауға ықпал ететін болады. Прокурорларға ақталатын негіздер бойынша қысқартылған қылмыстық істер туралы жедел-тергеу органдары шешімдерінің негізділігіне ұдайы  мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.

Белгілі болғандай, адам өлтірулердің деңгейі бірінші кезекте қылмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына, тиісті профилактикалық жұмыстардың болмауына байланысты қылмыстық факторларды айқындайды. Талдау жұмыстары көрсеткендей, іс жүзінде еліміздегі барлық адам өлтіру қылмыстарын (98%) жұмыссыздар жасаған, олардың жартысынан көбі (57%) алкогольдік масаң күйде және отбасы-тұрмыстық жанжал кезінде жасалса, 15% - бұрын сотталған адамдар жасаған.

Сондықтан, А.Дауылбаев атап өткендей, қазіргі таңда зорлық-зомбылық қылмыстарын жасауға ықпал ететін себептер мен салдарларды анықтауға, жоюға деген принципті жаңа көзқарастарды іздестірудің маңызы зор.  Профилактика саласында осындай қылықтардың әлеуметтік-құқықтық алдын-алу шаралары үстем болуы тиіс. 

Деректердің барлық ақпараттық базаларына алыстан қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, полиция учаскелері пунктерінің желілерін кеңейту, тіркеу және қадағалаудың озық технологияларын енгізу, қылмыстарды ашуға тұрғындарды және бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді түрде тарту профилактикалық жұмыстардың басым бағыттарының бірі болып танылды.

Сондай-ақ криминалистика саласын одан әрі дамыту, сараптамалық мекеме қызметін жетілдіру, сот-медициналық сарапшылары штатын кеңейту қажеттігі атап өтілді. 

 Прокурорларға жер-жерлерде қылмысқа қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарының қызметін тиісінше қамтамасыз ету, қасақана адам өлтіру қылмыстарының алдын-алу, оларды ашу және тергеу бойынша жедел жұмыстардың жай-күйін қадағалауды күшейту тапсырылды.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.