You are here

Бас прокуратура алқасының отырысы туралы баспасөз-хабарламасы (Астана, 11қыркүйек 2014 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратураның алқа мәжілісінің отырысы өтті. Онда 2012-2013 жылдары және 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және оның аймақтық құрылымдарының қамауға алынғандарды медициналық қамсыздандыру бойынша жұмыстарының заңдылығының жай-күйі қаралды.

Алқа мәжілісі жұмысына Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, Парламент депутаттары, ішкі істер, денсаулық және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылары, Бас прокуратураның жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, бейнеконференц байланысы арқылы – облыс прокурорлары, сондай-ақ облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысты.

Алқа мәжілісінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің медициналық қызметін тексеру нәтижелері талқыланды.

Бас Прокурор атап өткендей, қамауға алынғандардың ұстау жағдайларын жақсарту, оларды қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету бойынша мемлекет тарапынан дәйекті шаралар қолданылуда. Соңғы жылдары қылмыстық-атқару жүйесін қаржыландыру елеулі өсті, сотталғандарды ұстау шығындары өсіп, олардың тамақтандыру нормалары жақсартылған. Пенитенциарлық жүйенің медициналық қажеттілігіне жыл сайын жарты миллиардтан астам бюджеттік қаражат бөлінеді. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мекемелердің материалдық-техникалық базалары күшейтілді.

Алайда қабылданған шаралар пенитенциарлық денсаулық сақтаудың сапасының өзгеруіне ықпал ете қойған жоқ. Тексерулер барысында ҚАЖ-нің мекемелерінде медициналық көмек көрсетудегі жүйелі кемшіліктер мен жол берілген қателіктер анықталған. Әлі де болса уақытылы диагностиканың жасалынбауы және қамаудағыларға сәйкесті емдеудің жүргізілмеуі, білікті медициналық мамандардың жетіспеушілігі, қымбат бағалы құрал-саймандардың тұрып қалуы, бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалмауы, сотталушыларды медициналық мекемелерге ауыстыру мәселелерінің созбалаңға салынуы, инфекциялық аурулардың тарауына ықпал етуі мүмкін санитарлық нормалардың бұзылуы негізгі проблемалар болып қалуда.

Осылардың нәтижесінде, соңғы 10 жылда «түрме тұрғындарының» үштен біріне азаюына қарамай, қамаудағылардың өлімі біржарым есеге көбейген. Ауыр науқастанған қамаудағылардың көбі, оларға ешқандай көмек көрсету мүмкін болмаған кезде де ауруханалар төсектерінен табылуда.

Асхат Дауылбаев бұл заңбұзушылықтардың орын алуының басты себебі, ведомстволық бақылаудың мүлдем болмауы, медициналық қызметтердің және түзеу мекемелер әкімшіліктерінің міндеттеріне селқос қараулары деп атап өтті.

Бірқатар мекемелердің басшылары мен медициналық қызметкерлеріне қатысты әрекетсіздік фактілері бойынша 14 қылмыстық іс қозғалып, 221 қызметкер тәртіптік, 43 – әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Орын алған жағдайларды ескеріп, Бас Прокурор уәкілетті органдар басшыларына сотталғандарға медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға және қамаудағылар арасындағы өлімді азайтуға, ҚАЖ мекемелері және медициналық қызмет басшыларының дербес жауаптылықтарын арттыруға бағытталған бірқатар жедел тапсырмалар берілді.

Ішкі істер министрлігіне қатты науқастанған қамаудағылардың жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатылуына медициналық комиссиялардың негізсіз бас тартулары фактілерін мұқият зерделеп, оларға қатысты жазаны өтеудің анағұрлым жеңіл түрлеріне ауыстыру тәжірибесін кеңінен қолдануды тапсырды.

Қамаудағылардың арасындағы науқастану ахуалын объективті айқындау үшін, көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасы мен көлемін арттыру, дәйекті емшаралар мен аурулардың профилактикасын жүргізу мақсатында ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктерінің арасындағы ведомствоаралық әрекеттестікті кеңейту қажеттігі ұсынылды.

Жергілікті прокурорларға қылмыстық-атқару мекемелеріндегі медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру заңдылықтарының қолданылуына, қамаудағылардың денсаулықтарын және кепілді медициналық көмек көлемін қорғаудағы конституциялық құқықтарының сақталуына, сондай-ақ  қамаудағылардың өлімі фактілері бойынша тергеудің толық және сапалы жүргізілуіне қадағалауды күшейту тапсырылды.

Алқа мәжілісі жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне пенитенциарлық жүйенің медициналық қамсыздандыруын ұйымдастырудағы орын алған заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, осы саладағы заңдылықтарды жетілдіру бойынша ұсынымдар жолданды. Қылмыстық-атқару жүйесі және оның аймақтық құрылымдары басшыларының дербес жауаптылықтарын қарастыру мәселесі қойылды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.