You are here

Бас прокуратура алқасының отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ.,10 қараша 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Жақып Асановтың төрағалық етуімен алқа отырысы өтті, онда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар профилактикасының мәселелері талқыланды.

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Отырысты ашқан Бас Прокурор балаларға қаталдық таныту және сексуалдық зорлық-зомбылық көрсету бұрынғыша қоғамның басты проблемалары мен қауіптерінің бірі болып қалып отырғанын ерекше  атап өтті.

«Бұл ғаламдық проблема және онымен бүкіл адамзат күресуде. Мұндай зорлық-зомбылықты бастан өткерген балалар өмір бойы зардап шегеді. Әрбір оқиға – бұл отбасы үшін және бүкіл қоғам үшін трагедия, баланың жүрегінде қалатын айықпас жара» - деді Ж. Асанов.

Бас Прокурор Ж.Асанов «Прокуратура туралы»  Заңының 25-2-бабы тәртібінде үндеу тастап, жұртшылықты, ата-аналарды, педагогтарды сақ болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, оларға абай болуды үйретуге, қауіпті және белгісіз жағдайларда өзін ұстаудың қарапайым қағидаларын үйретуге шақырды, мұндай жағдайлармен олар кез келген күні үйде немесе көшеде бетпе-бет кездесуі мүмкін. Балаларға зорлық-зомбылық жасау фактісі бар болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Бас Прокурордың үндеуін Бас прокуратураның сайтынан (prokuror.gov.kz) және әлеуметтік желі беттерінен қарауға болады.

Отырыста балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу және олардың деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдауға, сексуалдық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды анықтауға және оларға көмек көрсетуге, сондай-ақ тұрғындардың хабардарлық деңгейін арттыруға  бағытталған Іс-шаралар оспарының жобасы таныстырылды.

Бас прокуратура балалар мен жасөспірімдерге, ата-аналарға, ұстаздарға арналған жадынамалар дайындады, онда үйден тыс жерде өзін қауіпсіз ұстау, зорлық-зомбылық белгілерін ерте анықтау бойынша ұсынымдар берілген. Кәмелетке толмағандардың жыныстық еркіне қол сұғу құқық бұзушылығын жасағаны үшін болатын қылмыстық жауаптылық туралы, сондай-ақ басқа да маңызды кеңестер түсіндірілген.

Жиналыстың қорытындысы бойынша бұл тақырыпты орталық мемлекеттік органдармен және қоғам болып талқылау жөнінде шешім шығарылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.