You are here

Бас прокуратура алқасының отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 28 наурыз 2014 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратура алқасының отырысы болып өтті, онда 2012-2013 жылдары жер телімдері мемлекеттік қажеттіктер үшін алынған кездегі заңдылық пен сот-прокурорлық тәжірибенің жай-күйі туралы мәселе қаралды.

Алқаның жұмысына Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың өкілдері, Парламент депутаттары, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, өңірлік даму,  әділет, қаржы, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация министрліктерінің, жер ресурстарын басқару және қаржылық бақылау комитеттерінің, бағалаушылар республикалық палатасының басшылары, Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Бейнеконференцбайланыс арқылы облыстардың прокурорлары, облыстық соттардың басшылары, облыс әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары, қаржы полициясы облыстық департаменттерінің, аумақтық жер инспекциясы басшылары қатысты.

Бас Прокурор отырысты аша отырып, республикамызда соңғы жылдары жер телімдерінің жосықсыз жер иелері мен шенеуніктер үшін алып-сату объектісіне айналғанын атап өтті. Бас прокуратура жүргізген тексерулер мемлекеттің экономикалық мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан бірқатар жүйелі проблемаларды анықтады. Соңғы үш жылдың ішінде ғана елімізде меншік иелеріне 12, 6 гектар жер және жылжымайтын мүлік үшін 47 млрд. теңгетөленген, бастапқыда осы қаражатқа 4,4 мың гектарға артық жер телімін сатып алу жоспарланған болатын.

Бұл ретте, прокурорлар жергілікті атқарушы органдардың сатып алу бағасын дұрыс айқындамағандығын және оның салдары 1 млрд. 300 млн. теңгеніңнегізсіз төленіп кетуіне әкеп соққандығын анықтаған.

Осыған дейін жеке меншікке заңсыз берілген жер телімдерін сатып алудың нәтижесінде мемлекетке 350 млн.теңгеден астам қаржыға зиян келтірілген.

Прокурорлық ықпал ету шараларының арқасында жалпы сомасы 5 млрд. 368 млн. теңгені құрайтын бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.Республикамыздың соттарында 1 млрд. 800 мың теңгенің мәселесінкөтерген 84 талап-арыз қаралу үстінде.Қылмыстық қудалау органдарына тапсырылған фактілер бойынша 22 қылмыстық іс қозғалды, 95 материалға іс жүргізу шешімдері қабылдану үстінде.

Бас Прокурор әкімдіктерден бастап, сараптамалық-бағалау мекемелеріне дейінгі барлық деңгейлерде белең алған жер телімдерінің алыну рәсімдерінің барлық сатыларындағы заң бұзушылықтардың жүйелі сипат алып кеткендігін атап өтті. Бұл ретте, өтемақы мөлшерін арттыру үшін пайдаланылатын қылмыстық әрекеттердің әрқилылығы мемлекеттің миллиардтаған қаржы зиян шегуіне әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құрамыныңқалыптасқандығын айғақтайды. 

Мұндай заң бұзушылықтарға мемлекеттік бағдарламалар және бас жоспарлар бойынша құрылыс салуға арналған жер телімдерін беру, әкімдіктердің жер телімдерін бөлу туралы қаулыларын, комиссиялардың заңдастыру туралы шешімдерін, бағалау туралы есептерді бұрмалау, жер телімдерін сегменттеу және қайта сату сияқты фактілерді жатқызуға болады.

Осыған байланысты, уәкілетті органдарға жер телімдерін мемлекет қажеттіліктері үшін алу мәселелерін ғана емес, тұтастай алғанда жер телімдері мен жылжымайтын мүліктер нарығында нақты баға көрсеткіштерін тәртіпке келтіруге мүмкіндік беретін бірқатар шаралар ұсынылды.

Бірінші кезектегі шаралар ретінде жеке меншік иелігіндегі жерді алмай,мемлекет қажеттілігін мемлекет иелігіндегі жер телімі есебінен қанағаттандыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Алып-сатарлықты болдырмау мақсатында мүліктіңмемлекет қажетіне алынатындығы туралы шешім шыға салысымен ол туралы мәміле жасауға тыйым салу қажеттігі ұсынылды.Мемлекет меншігіне алынған мүліктің орнына соған тең дәрежедегі мүлік беруді талап ететін заң талаптарын орындау мақсатында алынған мүліктің  баламасын беру тетігін қарастыруды да ескеру қажет.

Жерді мемлекет қажетіне алатын кезде оның индексациясын алып-сатарлықты тиятын фактор ретіндеескере отырып, жердітек құқығы белгіленген сәттегі кадастрлық құнымен алу қажеттігі негізгі ұсыныс ретінде ұсынылды.

Түптеп келгенде, бұл екінші сатылымдағы жер телімдерінің бағасын тұрақтандырып, алып-сатарлардың қитұрқы әрекеттеріне жол бермейді. Бұл сонымен қатаржер телімдерін қайта сату үшін емес, тікелей мақсатта пайдалану үшін сатып алуға ықпал ететін болады.

Сонымен бірге, мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін алу саласындағы барлық лауазымды тұлғалардың жұмыстарын бақылауды қаталдату, сондай-ақ жерді алудың оңтайлы бағасын анықтау мәселесіне бірыңғай ұстаным қалыптастыру шараларын қабылдау ұсынылды.

Талқылаудың қорытындылары бойынша Өңірлік даму министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырған кезде, сондай-ақ жер заңнамаларына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеу барысында осы ұсыныстарды ескеру ұсынылды.

Қаржы полициясы агенттігіне мемлекет қажеттігіне жер телімдерін алу кезінде бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемаларын анықтау жөніндегі жедел жұмыстарды күшейту ұсынылды.

Прокурорларға жер телімдерін алу кезінде құқық қолданудыңдұрыс және бірыңғайтәжірибесін қалыптастыру, сондай-ақ кінәлі адамдарды заңмен көзделген жауапкершіліктерге тарта отырып, заңсыз төлем төлеудің барлық анықталған фактілері бойынша мемлекет мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған түбегейлі шаралар қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Бас прокуратураның баспасөзқызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.