You are here

Бас прокуратура алқасының отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 12 қараша 2014 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы өтіп, онда Бас Прокурор еліміздің Президентінің кезекті Жолдауында айтылған стратегиялық міндеттерді айшықтады.

Сонымен қатар бас бостандығынан айырмайтын жазалармен сотталғандар арасында қылмыстың қайталануын сақтандыру және ескертумәселелері талқыланды.

Жиынға ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, әкімшілік полиция және ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі инспекциясының басшылары, бейнеконференциялық байланыс режимінде – аумақтық прокурорлар, облыстық ІІД және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментінің бастықтары, жергілікті атқарушы органдардың, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік даму бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Отырысты ашқан Бас Прокурор «Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгіленген стратегиялық мақсаттардың заңды жалғасы болған Елбасының кезекті Жолдауының маңызына тоқталды. Мемлекеттің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының шешуші басымдықтары экономикадағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға және дағдарыс жағдайында елдің қарыштап дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жолдауда көрсетілген қағидаларды табысты жүзеге асыру мақсатында орталық аппаратқа және жергілікті жерлердегі барлық прокурорларға Ұлттық қордан бөлінген қаржының игерілуінің заңдылығын қамтамасыз етуді және оның жүзеге асуына қажетті жан-жақты шаралар қолдануды тапсырған Бас Прокурор бюджет қаражатының жұмсалуымен байланысты кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу бойынша прокуратура органдары мен уәкілетті органдардың күш біріктіруінің маңыздылығын баса атап көрсетті.

«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің отырысында бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы да осы мақсатқа жұмылдырылған. Бағдарлама сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған кешенді шараларды қарастыратын жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратегияның идеологиялық негізін қалады.

Құжатта белгіленген мақсаттар мен міндеттер қадағалаушы органдар жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі басымдықтарымен толығымен сәйкесіп жатыр. Соңғы үш жылда тексеріс қорытындылары бойынша прокуратура органдары 400-ден асақылмыстық іс қозғап, 7800-ден астам прокурорлық қадағалау актісін енгізгендігінің нәтижесінде мемлекет кірісіне жарты миллиард теңге қайтарылды. Сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзған 3200 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жүргізу мақсатында 20 мыңнан астам құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

А.Дауылбаев атап көрсеткендей, аталған жұмыстың аясында халықты сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудің нәтижелерімен таныстыру ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті насихаттау мен соған сәйкес дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, азаматтық ұстанымның жаңа үлгілерін жасау аса маңызды. Төменгі құрамдағы сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейін ескере отырып, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне төзбеушілік идеологиясын қалыптастыру қажет. Бұл жерде барша қоғамның, барлық саяси және қоғамдық институттардың атқаратын рөлі маңызды болмақ.

Халық пен бизнестің билік органдарына сенімі деңгейінің артуы осы аталған жұмыстардың нәтижесі болуға тиісті. Сондықтан да, Елбасы атап көрсеткендей, прокуратура органдары қашанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, олардың  жұмыстарына бақылаушы-қадағалаушы органдарының кедергі жасамауын қадағалауісіне басымдық береді. 

Бас Прокурор Елбасының Жолдауын, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Отырыстың күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылау барысында бас бостандығынан айыруға балама жазаларды қолдануды көздейтін қылмыстық саясатты одан әрі ізгілендіру мемлекеттің құқықтық саясатын іске асырудың басты бағыттарының бірі ретінде атап өтілді. Ағымдағы жылғы тоғыз айда өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық-атқару инспекциясында есепте тұрған адамдардың саны 5 мыңға (18%) артты. Келесі жылы, жаңа қылмыстық заңнамалардың қолданысқа енгізілуіне байланысты, пробациялық бақылауға алынатын адамдардың қатары бірнеше есеге артатын болады. Мұны ескеретін болсақ, осы санатқа жататын сотталғандар арасында қылмыстардың қайталануын тиімді сақтандыру қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды міндет болып табылады.

Сонымен бірге, осы саладағы уәкілетті органдардың қызметтеріне Бас прокуратура жүргізген талдау барысындақылмыстың қайталануының артуына жағдай тудыратын жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықтады.

Тексеру көрсеткендей, қалыптасқан жағдай жергілікті жерлерде сақтандыру жұмыстарын нашар ұйымдастыру, есепте тұрған адамдарды үстірт бақылау, жазасын өтеу тәртібін бұзушыларға дер кезінде шара қолданбау, қылмыстық-атқару инспекциялары мен ішкі істер органдары әрекеттернің келісілмеуі, сондай-ақ қолданыстағы заңнамалардың жетілдірілмеуі салдарынан туындап отыр.

Мәселен, 2013 жылы бас бостандығынан айырмайтын жазалармен сотталғандардыңқайта жасаған қылмыстарының саны 63 пайызға, яғни 456-дан 744-ке дейін артқан.Қылмыстар әсіресе Алматы қаласында, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында неғұрлым көп тіркелген.

Осы жылдың басынан бастап осы санатқа жататын сотталғандар463қылмыс жасаған.

Әдетте, көбінесе бостандығын шектеуге сотталған адамдар қайталап қылмыс жасап жатады. Есепте тұрған адамдарға тиісті бақылаудың болмауынан олар инспекцияның рұқсатысыз ел ішінде кедергісіз жүріп-тұруға және шетелдерге шығуға мүмкіндік алады. Мысалы, Жамбыл облысының өзінде ғана өткен жылы есепте тұрған адамдардың мемлекеттік шекарадан өтуінің 324 фактісі анықталған.Қарағанды облысында 46 сотталған адам қылмыстық-атқару инспекциясына хабарламастан Біріккен Араб Әмірліктеріне, Түркияға, Қытайға және ТМД елдеріне бірнеше рет барған.

Бас Прокурор уәкілетті органдардан тиісті ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді, анықталған кемшіліктерді жоюға және қылмыстың қайталануын ескерту жүйесін жетілдіруге бағытталған пәрменді құқықтық және іс жүзіндегі шараларды әзірлеуді талап етті.

Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігіне сотталғандардың тәртібін тиісті түрде бақылауды, оларға салынған шектеулер мен тыйымдардың қатаң орындалуын реттейтін ведомстволық нормативтік база әзірлеу тапсырылды.

Қылмыстық жолға қайта оралуға ықпал ететін әлеуметтік-құқықтық жағдайларды жою жөніндегі шаралар сотталғандар арасындағы құқыққа қайшы тәртіпті ескерту жүйесіндегі басымдық ретінде белгіленді.Осы орайда, есепте тұрған адамдардың тәртіптерін түзеу және қылмысты қайта жасауға неғұрлым бейім адамдарды анықтау мақсатында пробация қызметін білікті психолог және әлеуметтік педогог мамандармен толықтыру қажет деп танылды.

Жергілікті атқарушы органдарға қоғамдық жұмыстарды тиісті түрде ұйымдастыру, сотталғандар үшін жұмыс орындарының квоталарын арттыру, сондай-ақ өмірлері қиын жағдайда тұрған есептегі адамдарға қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету міндеті жүктелді.

Жергілікті жерлердегі прокурорларға қылмыстылықты ескерту шеңберінде қылмыстық-атқару инспекциясының қызметін, олардың мемлекеттік органдармен іс-қимылының тиімділігін бақылауды күшейту тапсырылды.

Бас прокуратураның баспасөзқызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.