You are here

Бас прокуратура алқасының кадр саясаты мәселелері бойынша отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 31 наурыз 2014 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратура алқасының ведомстволық кадр саясатының 2013 жылы іске асырылуы және оны дамытудың келешегі мәселелері бойынша отырысы болып өтті.

Алқа жұмысына бейнеконференциялық байланыс режимі арқылы аумақтық прокуратуралардың және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармаларының басшылары қатысты.

Бас Прокурор атап өткендей, жоғары білікті кадр құрамын қалыптастыру Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында құқық қорғау органдарының алдына қойған маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Тұтастай алғанда, прокуратура органдарының тиімділігі қызметкерлердің кәсібилігі мен құзыреттілігіне, олардың іскерлік қабілеті мен адамгершілік қасиетіне, кадр жұмысын ұйымдастыру деңгейіне тікелей байланысты болып отыр.

Осы және басқа да міндеттерді шешуге бағытталып, Президенттің тапсырмасы бойынша екі бағдарламалық құжат – Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы және Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы әзірленді, онда барлық құқық қорғау органдарының кадр саясатын кезең-кезеңмен жетілдіру көзделген.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін таяу жылдар ішінде бүкіл кадр жұмысын түбегейлі қайта құру, оның тиімділігін, ашықтығын және объективтілігін барынша қамтамасыз ету қажет болады. 

Қазіргі таңда кадрларды іріктеу мен орналастырудың, жас мамандарды үйретудің, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оларды әлеуметтік қорғаудың, сапалы резервті қалыптастырудың, басшылардың жауапкершіліктерін күшейтудің, жеке құрам арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелері ұдайы бақылауға алынған.

Сонымен бірге, Бас Прокурор өз қатарларындағы тәртіпті нығайту қажеттігіне баса назар аударды. Алқа жұмысы барысында прокурорлардың Прокуратура органдары мен мекемелері қызметкерлерінің ар-намыс кодексін бұзу фактілері аталып, оларға қоланылған сыныптық шендерінен айыру және прокуратура органдарынан шығаруға дейінгі шаралар жария етілді.

Қадағалаушы ведомство басшысы облыс прокурорларына қарамағындағы қызметкерлер құқық қорғау жүйесінің абыройына нұқсан келтіретін әрекет жасаған жағдайда өздерінің де жеке жауапкершілікке тартылатындықтары туралы ескерттті.

А.Дауылбаев қызметтік тәртіпті қатаңдатудың маңыздылығын халықтың құқық қорғау органдарына сенімін арттырудың кепілі ретінде атап көрсетті.

Талқылаудың қорытындылары бойынша кадр жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, қызметкерлердің кәсіби және іскерлік қабілеті мен жеке басының қасиетін бағалаудың үдемелі өлшемдерін енгізу, прокуратура органдарының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын ғылымға негізделген көзқарастар арқылы қалыптастыру бойынша пәрменді шаралар ұсынылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.