You are here

Бас көлік прокуратурасының көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша алқа мәжілісі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас  көлік прокуроры Ыбырай Тлеуғалиевтің төрағалығымен теміржол, әуе және су көліктеріндегі заңнамалардың қолданылуы жөнінде кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Алқа мәжілісіне Инвестициялар және даму министрлігінің  Көлік  және азаматтық авиация комитетінің, «ҚТЖ ҰК» АҚ–ның, Шаруашылық басқару құқығындағы «Казаэронавигация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, сонымен қатар теміржол және авиация әкімшіліктерінің басшылары, бейнеконференциялық байланыс арқылы – аудандық көлік прокурорлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының, сондай-ақ көлік кәсіпорындарының  өкілдері қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік бақалау мен қадағалау, сонымен қатар көлік қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Әуе көлігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды, осы салада оқыс оқиғалар санының көбейіп отырғаны байқалады. Теміржол көлігінде жоғары апаттылық деңгейі анықталды. 2015 жылдың өзінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында пойыздың апатқа ұшырау оқиғалары орын алды.

Сонымен қатар, отандық авиация мен теңіз көлігінің алдағы халықаралық тексеруден өтуі, халықаралық конвенциялар, соның ішінде Кедендік одақ пен ЕАЭО шеңберіндегі нормаларын отандық заңнамада жүзеге асу мәселелері қарастырылды.

Отырыс нәтижесі бойынша көлік саласында мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар жасалды.

Инвестициялар және даму министрлігіне көлік қызметін үйлестіру мен мемлекеттік реттеу жұмыстарын күшейту ұсынылды.

Бас көлік прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.