You are here

Бас көлік прокуратурасының бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындылары туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өткен кезеңде Бас көлік прокуратурасы көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көліктегі қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерді ескере отырып, көлік прокурорларының қызметіндегі жүйелілікті қамтамасыз ету жөнінде ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешенін қабылдады.

Әлеуметтік-экономикалық салада көлік прокурорлары 1123 бұзушылық анықтады, прокурорлық қадағалаудың 462 актісі енгізілді, 499 тұлға жауапкершіліктің бірнеше түріне тартылды, 14 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауды қадағалауға ерекше назар аударылды – 4 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды, жалақы бойынша жалпы сомасы 66 млн. теңгені құрайтын қарыз қайтарылды.

Бизнес субъектілерінің заңды қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мобильдік топтар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу жөнінде 15 хабар тіркеді, оның 7-і расталды. Көлік прокурорларының актісі бойынша тәртіптік жауапкершілікке 13 лауазымды тұлға тартылды.

Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қадағалау саласында едәуір жұмыстар жүргізілді. Көліктегі қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің бірнеше түріне 258 тұлға тартылды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау аясында көлік прокурорлары мультимодальды көлік дәлізі, халықаралық авиациялық хаб жобаларын іске асыру және әуе тасымалын мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану әрекеттеріне жол бермеу заңдарын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда.

Прокурорлардың басты назары мемлекеттің экономикалық қызығушылықтарын қорғау мен мемлекеттік бюджетті толықтыруға бағытталды. Келтірілген залалды өтеу сомасы 484 млн. 933 мың теңгені құрады, мемлекеттік бюджетке 415 млн. 553 мың теңге көлемінде салық пен басқа да төлемдер алынды.

БКП органдарының актісі бойынша кедендік салада мемлекеттік бюджетке 303,8 млн. теңге қайтарылды. Мәселен, Маңғыстау көлік прокуратурасының мәліметінше, «Fortress Holding Limited» ЖШС-ден бұрғылау қондырғысының декларациясын дұрыс өткізбегені үшін төленуі тиіс 247,7 млн. теңгені құрайтын кедендік төлемдер мен салықтар мемлекет кіріс алынды.

БКП ұсынысы бойынша «Астық-Логистик» ЖШС-нен импортталған тауарлардың кедендік бағасын негізсіз түзету нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 171,2 млн. теңге мөлшерінде кедендік төлемдер мен салықтар алынды.

Көлеңкелі экономикамен күрес шеңберінде көлік прокурорлары жалған кәсіпорындарды анықтау жөнінде жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Соттар кәсіпорындардың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану туралы прокурорлардың 10 талабын қанағаттандырды. Қазіргі уақытта жалған кәсіпорындар контрагенттерінің салықтық есептерін түзету бойынша шаралар қабылдануда.

Прокурорлардың актілері бойынша атқарушылық өндірістің заңдылығын қадағалау саласында мемлекет табысына 1 млрд. 34 млн. теңгеден астам қаржы  өндірілді.

Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.