Бапсасөз баяны Бас прокуратураның сайтында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша арнайы бөлімнің қызмет етуі туралы

13 қаңтар 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура (http://prokuror.gov.kz/rus/form/uvedomlenie) сайтында  пайдаланушылар арнаулы бланк толтыру арқылы экстремизм мен терроризм көріністері туралы өз хабарламаларын (хабарлауларын) қалдыра алатын арнайы бөлім әзірледі.

Дәлелдейтін құжаттар (суреттер, скриншоттар, бейне немесе дыбыс жазбалар) болған жағдайда оларды хабарламаға тіркеуге болады

Хабарланатын ақпараттың тізімі:

- тұрғылықты және жұмыс орындарында пайда болған өздеріне назар аудартуға тырыспайтын және тұйық өмір салтын жүргізетін күдікті адамдар туралы;

- заңсыз есірткілердің, қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, жару (соның ішінде қолдан жасалынған) құрылғылардың айналымына қатысы бар адамдар туралы;

- Интернет, электронды және баспа БАҚ-тары арқылы экстремизм, терроризм, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық өшпенділік пен араздық идеяларын насихаттаушы адамдар туралы;

- жылжымайтын объектілерге, ғимараттардың және көлік құралдарының сыртына суреттер («граффити») және үгіттеу мазмұндағы құқыққа қайшы, соның ішінде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған өзге материалдарды бейнелеген орындаушылар туралы.

Сонымен қатар, осы бөлімде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласына қатысты өз ұсыныстарыңыз бен идеяларыңызды қалдыруға мүмкіндік бар.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу