You are here

Балық ресурстарын өндіру және оның айналымы саласындағы заң бұзушылықтар туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы балық ресурстарын өндіру және оның айналымы саласында жұргізген талдау нәтижелері бойынша елеулі заң бұзушылықтарды анықтады.

Балық шаруашылығыныңбай су қорына және мұндағы балық өсіру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар болуына қарамастан еліміздің балық қорлары азайып барады. Бұған өнеркәсіптік деңгейге жеткен браконьерлік себеп болып отыр. 

Тек 2012-2015 жылдарда Қазақстаннан экспортталатын балық өнімдерінің 30%-ын немесе 40 мың тоннаның 13,7 мың тоннасын браконьерлер шығарды. Заңсыз ауланған балықты шекарадан шығаруды ұйымдасқан қылмыстық топтар жалған кәсіпорындар желісі арқылы және оның шығу заңдылығы туралы жалған құжаттарды пайдалану жолымен іске асырады.

Осы ретте көрсетілген кезеңде көлеңкелі айналым мөлшері шамамен 100 млн. АҚШ долларын құрады, табиғат ресурстарын заңсыз шығару және салық төлеуден жалтару салдарынан мемлекетке келтірілген шығын сомасы 15 млрд. теңгеден асты.

Бас прокуратураның талдау материалдары бойынша Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Қылмыстық кодексінің 335 және 245-баптары (аса ірі зиян келтірумен ұйымдасқан топ жасаған заңсыз өндіру және салық төлеуден жалтару) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады және жүргізуде.

Прокуратура органдары балық өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін бұдан бұрын да анықтаған еді. Мысалы, 2010-2012 жылдарда Шығыс Қазақстанда 54 адамға қатысты Зайсан-Ертіс бассейні су қоймаларында браконьерлер аулаған 22,2 мың тонна балықты шығару фактісі бойынша 114 қылмыстық іс қозғалып, тергелді. Сонда мемлекетке келтірілген шығын 11 млрд. теңгеден астам болды. Кінәлі адамдар сотталды.

Қарастырылып отырған салада заңдылықты қамтамасыз ету үшін маңызды міндеттердің бірі қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және өкілетті мемлекеттік органдардың (ауыл шаруашылығы, қаржы және ішкі істер министрліктері) жұмысын жандандыру болып табылады.

Бас прокуратура Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы бағыттағы сәйкес шараларды қабылдау туралы мәселелерді шешудіұсынып отыр.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.