You are here

Балаларды қауіп-қатерден қорғайық

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жаз мезгілі келісімен кәмелетке толмағандардың тиісті демалысы мен бос уақытын қамтамасыз ету мәселелсі өзекті сипат ала бастайды. Жаз мезгілінде балалардың қайғылы оқиғаларға ұшырауы қауіпсіз демалысты ұйымдастыруға ерекше назар аударуды талап етеді.

Осы жылдың алғашқы айының өзінде Ақмола облысының «Арман» балалар лагерінде қайғылы оқиға орын алған, нәтижесінде он екі жасар қыз бала көз жұмды. Өткен жылы Солтүстік-Қазақстан облысында «Серебряный бор» балаларға арналған сауықтыру лагерінде тамақ әзірлеу барысында санитарлық ережелер бұзылғандықтан, балалар мен ересектер жаппай уланып қалған (103 адам, оның 86-сы бала).

Өзен-көлдерде балаларды үлкен қауіп күтіп тұр. Ересектер жоқ жерлерде және шомылуға арналмаған орындарда суға түсу - балалардың қазаға ұшырауының негізгі себебі. Мысалы, аймақтық прокурорлардың мәліметінше 2015 жылы республика бойынша әртүрлі суларда 145 бала батып кеткен, ал осы жылдың басынан бері осындай 64 оқиға тіркелді.

Демалыс уақытының бас кезінде Бас прокуратура өкілетті органдарға балалардың ұшырап қалуы мүмкін қауіп-қатерлер мен оларға тиісті бақылау жүргізу және тәрбие беру туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма жіберді.

Онда балалардың демалысын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауға, балаларға арналған лагерлерді пайдалануға алу кезінде және медициналық, тамақтандыру қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруда бұзушылықтарға жол бермеу туралы нұсқау берілген. Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер мен жергілікті атқарушы органдарға суларда балалар өлімінің алдын алу бойынша барынша мүмкін шараларды қабылдауға бағдар берілді.

Осы орайда, ата-аналарға айтарымыз – балаларыңызды сақтаңыздар, оларды қараусыз қалдырмаңыздар, бос уақыттарын қатаң бақылауға алыңыздар, оларға судағы, көшедегі, демалыс орындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелері туралы айтыңыздар. Естеріңізде болсын: балаларыңыздың өмірі мен денсаулығы өз қолдарыңызда.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.