You are here

Балалар байқауы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Балаларды қорғау күніне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің әлемім-Я рисую мир» атты асфальтқа сурет салудан балалар байқауы өтті.

Байқау Астана қаласында орналасқан прокуратура органдары қызметкерлерінің 12 жасқа дейінгі балалары үшін ұйымдастырылды.     

Елорданың жас тұрғындарын Бас Прокурор Жақып Асанов құттықтады.

Ж.Асанов атап өткендей, осы байқау ел Тәуелсіздігінің және прокуратура органдарының 25-жылдығына орай Бас прокуратура жариялаған «Тәуелсіз елдің ертеңі»-«Будущее Независимой страны» деген жалпы тақырыппен прокуратура органдары қызметкерлерінің балаларын қатыстыра отырып өткізу жоспарланған 25 іс-шараның алғашқысы болып отыр.

Іс-шараларды жазғы демалыс кезінде апта сайын өткізу жоспарланып отыр. Әртүрлі тақырыптық, спорттық, шығармашылық, интеллектуалдық, әдеби, музыкалық және өзге де балалар байқауларын ұйымдастыру көзделіп отыр.

Балалар мерекелік көңіл-күйде патриоттық тақырыптарға асфальтқа сурет салды, флешмоб билеп, шар ұшырды.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға грамоталар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.