You are here

БАҚ үшін мәлімет (Астана қ., 2014 жылдың 6 ақпаны)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратура ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірлесіп Ақмола облысының ІІД іздеу салған қазақстандық азаматтар Ф.В. Гладких және Н.К. Жуанышпаеваны Киев қаласынан Астана қаласына экстрадициялауды жүзеге асырды.

Экстрадицияланған Ф.Гладких 2010 жылдың наурыз айында жүк автокөлігін басқара отырып, жолда жүру ережелерін бұза, алты жеңіл автокөлікпен соқтығысып, нәтижесінде екі көліктің жүргізушілері алған соққыдан мерт болады, ал бір жолаушының денсаулығына ауыр зардап келген. Қылмыстық істі тергеу барысында сезікті тергеуден жасырынып, оның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады.

Үш жыл өткен соң, 2013 жылдың тамыз айында Гладких Украинаның Житомир облысында ұсталды.

Іздеу салынған Н.Жуанышпаева аса ірі мөлшерде, бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған. 2011-2012 жылдар аралығында «Ақ-Дән» ЖШС-нің директоры ретінде валюта айырбастаумен айналысып, алдау мен сенімге қиянат жасау арқылы 11 жәбірленушіден 39 308 016 теңге көлемінде ақша ұрлаған. 2012 жылдың мамыр айында халықаралық іздеу салынды. Өткен жылдың тамыз айында ол да Украина аумағында ұсталды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Украина тарапынан Ф.В. Гладких пен Н.К. Жуанышпаеваны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы өтініш жолдады. Осы жылдың қаңтарында Украинаның Бас прокуратурасы сұраныс хатты қанағаттандырды.

Экстрадицияланғандар әуежайда Астана қаласының тергеу изоляторының қызметкерлеріне тапсырылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.