БАҚ үшін мәлімет (Астана қ., 2013 жылғы 11 желтоқсан)

11 желтоқсан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ертең, а.ж. 12 желтоқсанда Бас прокуратурада «Түрме адамдарын» азайту бойынша 10 шара» атты Тұжырымдама жобасының тұсаукесері өткізіледі.

Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Ішкі істер министрлігі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық Кеңес, Penal Reform International (PRI) халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы өкілдігі, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы осы іс-шараның ұйымдастырушылары болып отыр.

Іс-шара туралы жариялау үшін БАҚ өкілдерін шақырамыз.

Тіркеу 7172630@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратура ғимараты.

Басталуы сағат 10:00-де.

Рұқсаттамалық өткізу процедурасын ескере отырып БАҚ өкілдерінің алдын-ала, яғни, сағат 9.30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу