Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соңғы кездері жәбірленуші Наталья Слекишина жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында оның құқығы бұзылғандығы туралы түрлі пікірлер айтылуда.

Арызданушының жеке қауіпсіздігін сақтау және оған қысым жасалмауы үшін прокуратура тарапынан тексерулер жүргізілді.

Слекишина мен оның адвокаты Айман Умарованы Алматы қаласының прокуроры Берік Асылов қабылдап, мәселенің мән-жайын білді. Оған дейін де қала прокурорының бірінші орынбасары Берік Жүйріктаев жәбірленуші отырған камераға өзі барып, жеке сөйлескен болатын. Слекишина сотта қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша барлық наразылықтарын прокурорларға жеткізді. Бірақ, сот процесі жабық болғандықтан қылмыстық істің мән-жайы жария етілуге жатпайды.

 Сонымен қатар Слекишина қолындағы баладан бөлек бостандықта кәмелетке толмаған 2 баласы барын, солардың жағдайына уайымдайтынын айтты. Қалалық прокуратура қажет қолғабыс жасап, жеткіншектерді өз қамқорлығына алмақ.

Бұл кездесулерде қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қатысқан жоқ.

Қалалық прокуратура Слекишинаның қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін оған қылмыстық-атқару жүйесіне бағынбайтын басқа орынға көшіруді ұсынды. Бірақ, Слекишина бірқатар себептерге байланысты, соның ішінде ол жерде баласына қарайтын күтуші болмағандықтан, орын ауыстырудан бас тартты.

Қазіргі күні Слекишина отырған тергеу изоляторына:

біріншіден, прокуратура қызметкерлері күніне 3 рет барып тексеріп жүр;

екіншіден, ғимараттағы бейнекамералар қатаң бақылауға алынды;

үшіншіден, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері тәулігіне 24 сағат бойы күзетке қойылды.

төртіншіден, қысым көрсету фактілеріне байланысты Слекишина мен оның адвокаты жазған арыздар тіркеуге алынып, қылмыстық тергеу басталды.

Тергеу барысы Алматы қаласы прокурорының қадағалауында.

Прокуратура өкілдері мемлекеттік айыптаушы ретінде сот отырысына қатысып, жәбірленушінің құқығының бұзылуына жол берілмеуін қамтамасыз етеді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.