Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа
қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі
Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді

Ертең, 14 шілдеде Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесі мен EXPO көрмесін дайындау және оны өткізу кезеңінде қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды қабылдауға арналған Ведомствоаралық комиссияның бірлескен отырысы өтеді.

Күн тәртібіне «EXPO 2017» кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл» мәселесі қойылады.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігі, министрліктер мен ведомстволардың, елорда әкімдігінің жауапты қызметкерлері, сонымен қатар ұлттық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысады.

Отырыста EXPO көрмесін дайындау және оны өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын, соның ішінде көрме объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу мәселелерін, өткізілетін іс-шаралардың техникалық қамтамасыз етілуі, сонымен қатар елордадағы қылмыстылық ахуалы мен жолдардағы апаттылық мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Іс-шара туралы БАҚ-та жариялау үшін журналистер шақырылады.

Өткізілетін орны: Астана қ., Орынбор к-сі, 14, Бас прокуратура ғимараты.

Басталуы сағат 15.00-де.

Тіркеу 7172049@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып БАҚ өкілдерінің алдын-ала, яғни, сағат 14.30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Байланыс телефоны: 71-27-66

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.