Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы 14 маусымда Бас прокуратурада «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы (мазмұны және басымдықтары)» тақырыбында форум өтеді. Іс-шараның бірлескен ұйымдастырушылары - «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесі.

Форум Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда.

Осы іс-шарада кәсіпкерлерді неғұрлым қызықтыратын, атап айтқанда, оларды қылмыстық процесс шеңберіне тарту, тексерістерді тіркеу, прокуратураның кәсіпкерлер құқықтарын қорғау ісіндегі рөлімен байланысты мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Форум жұмысына Бас Прокурор, «Атамекен» ҰКП және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесінің басшылары, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің, сондай-ақ ғалымдар мен журналистердің қатысуы жоспарлануда.

Осы іс-шара туралы жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Тіркеу 7172737@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратура ғимараты.

Басталуы сағат 15:00-де.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, журналистердің алдын-ала, яғни, сағат 14:30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Байланыс телефоны: 71-27-66

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.