БАҚ үшін мәлімет

02 маусым 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы 3 маусымда Бас прокуратурада Балаларды қорғау күніне  және Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің әлемім - Я рисую мир» атты байқау өтеді.

Астанадағы прокуратура органдары қызметкерлерінің балаларына арналып ұйымдастырылған байқау аясында флеш-моб билеу, шар ұшыру, Бас Прокурормен бірге суретке түсу және жеңімпаздарды марапаттау көзделіп отыр.

Осы іс-шара туралы жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Тіркеу 7172737@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратура ғимараты.

БАҚ өкілдерін сағат 11:30-ге шақырамыз.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, журналистердің алдын-ала, яғни, сағат 11:00-ден кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Байланыс телефоны: 71-27-66

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу