You are here

БАҚ үшін мәлімет (2014 жылдың 7 ақпаны)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесе отырып Ақтөбе облысы мен Астана қаласы бойынша ЭСЖҚКД органдары іздеу салған қазақстандық азаматтар М.Раимов және Е.Шушкованы Баку қаласынан Астана қаласына экстрадициялауды жүзеге асырды.

М.Раимов Қылмыстық Кодекстің 192-бабының 2-бөлігінің «б» тармағында көзделген қылмысты (жалған кәсіпкерлік) жасады деп айыпталды. 2013 жылдың маусым айында іздеу салынды.

Е.Шушкова бала бағушы болып жұмыс істеген пәтерде ұрлық жасады деп айыпталды. Сот тергеуі барысында сотталушы соттан жасырынып, соған орай өткен жылдың шілде айында іздеу салынды.

Іздеу салынғандардың екеуін де өткен жылдың соңында Әзірбайжан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлері қамауға алды.

Осы жылдың қаңтарында Әзірбайжанның Бас прокуратурасы қазақстандық әріптестерінің Раимов пен Шушкованы беру туралы сұранысхатын қанағаттандырды.

Қазіргі уақытта экстрадицияланғандар Астана қаласының тергеу изоляторында.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.