БАҚ үшін мәлімет

13 маусым 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы 16 мауысымда  Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтеді, онда 2013 жылы мемлекеттік органдардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстармен күрес бойынша өзара іс-қимылының тиімділігі мен заңдылығының жай-күйі туралы мәселелер талқыланады.

Үйлестіру кеңесінің жұмысы туралы жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Тіркеу 7172169@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі. Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратура ғимараты.

Басталуы сағат 15:00-де.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып БАҚ өкілдерінің алдын-ала, яғни, сағат 14.30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Ескерту: Бас прокуратураға келушілердің ұялы телефондары бақылау-өткізу бекетіндегі сақтау жәшігіне тапсырылады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу