БАҚ үшін аңдатпа (Орал қаласы)

11 маусым 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 12 маусымында Орал қаласында «Қазақстандық қылмыстық ортаға шетел криминалитетінің ықпал етуі, оған қарсы тұру мәселелері» тақырыбында аймақаралық семинар-кеңес өтеді.

Семинардың ұйымдастырушысы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, ІІМ, ҰҚК және ЭҚСЖҚА (қаржы полициясы) және Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, БҚО облыстары прокуратураларының құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресуге бағытталған жедел-іздестіру  шараларын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі АҚШ-тың халықаралық сарапшылары қатысады.

А.ж. 12 маусым күні сағат 9:00-де Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан облыстық аграрлық-техникалық университетінің әкімшілік ғимаратында өтетін осы іс-шараның ашылуына БАҚ өкілдері шақырылады.

Тіркеу 71121111@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі

8 (71-12) 51-25-66

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу