You are here

БАҚ үшін аңдатпа. Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы 27 қарашада Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді, онда әкімшілік айыппұлдар салу туралы қаулыларды уәкілетті органдардың орындауы туралы, сондай-ақ атқарушылық өндіріс органдарының 2013 жыл мен 2014 жылдың өткен кезеңіндегі өзара іс-қимылдарына қатысты проблемалық мәселелер талқыланатын болады.

Жиналыста ұйымдастырушылық, ақпараттық-техникалық және заңнамалық шаралар кешенін қарастыратын Айыппұлдарды өндірудің жол картасы таныстырылады.

Жиын жұмысы туралы жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Тіркеу 7172169@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратураның ғимараты.

Басталуы сағат 15:00-де.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып БАҚ өкілдерінің алдын-ала, яғни, сағат 14.30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ескерту: Бас прокуратураға келушілердің ұялы телефондары бақылау-өткізу бекетіндегі сақтау жәшігіне тапсырылады. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.