Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылғы 7-8 тамызда Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен Ресей Федерациясы Бас прокурорының орынбасары Юрий Пономаревтің қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекаралас прокуратуралары басшыларының кездесі өтеді.

Оның жұмысына Қазақстан Бас прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының қызметкерлері, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының прокурорлары, сондай-ақ Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының өкілдері,  Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы Орал федералдық округі мен Оңтүстік федералдық округтеріндегі басқармаларының басшылары, Алтай Республикасы, Калмыкия Республикасы, Астрахан, Волгоград, Курган, Новосибирск, Омск, Оренбург, Самара, Саратов, Тюмень, Челябинск областары, Батыс-Сібір, Орал және Оңтүстік көлік прокуратураларының жетекшілері қатысады.

Форум аясында прокурорлық қадағалаудың кең ауқымды тақырыптары бойынша өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланатын болады.

Іс-шараның 7 тамызда өтетін ашылуына БАҚ өкілдері шақырылады.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратураның ғимараты.

Басталуы 7 тамыз күні сағат 10:00-де.

Тіркеу мына электрондық байланыс арқылы жүргізіледі: 7172169@prokuror.kz.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, БАҚ өкілдерінің алдын-ала, яғни, сағат 09:30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Ескерту:

Бас прокуратураға келушілердің ұялы телефондары бақылау-өткізу бекетіндегі жәшікке сақтау үшін өткізіледі.

Журналистер мен операторлардың іскерлік киімде болғандары мақұлданады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.