You are here

БАҚ үшін аңдатпа

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

23 желтоқсан күні сағат 11.00-де Тұңғыш Президент кітапханасында «Жоғары оқу орындарына арналған құқық қорғау саласындағы үздік басылым» атты І Халықаралық байқаудың жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтеді.

Іс-шараны Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының  кітапханасы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оның мақсаты – құқық қорғау саласындағы отандық және шетелдік авторлардың басылымдарына қызығушылықты ояту.

Байқаудың ұйымдастыру комитеті Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейден келіп түскен ғылыми және оқу басылымдарын қарап шықты. Нәтижесінде 11 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Іс-шараға қатысуға ниет білдіруші журналистерді 22 желтоқсан күні сағат 19.00-ге дейін 71-20-38 телефоны немесе 7171498@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы тіркеуден өтуді сұраймыз.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, журналистердің Тұңғыш Президент кітапханасына алдын-ала, яғни, 23 желтоқсан күні сағат 10.30-да келулерін сұраймыз.

Өтетін орны: Астана қ., Еңбекшілер к-сі, 10, Тұңғыш Президент кітапханасының ғимараты.

Бас прокуратураның жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Байланыс телефондары: 71-20-38, 8-702-277-31-37

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.