You are here

БАҚ үшін аңдатпа

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылдың 31 қазанында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлер үшін кәсіби деңгейді арттыру курстарының ашылу салтанаты өтеді.    

Бұл курстардың тыңдаушылары – құқық қорғау органдарының орталық аппаратында және облыстық бөлімшелерінде басшылық лауазымын иеленетін ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі органдарының қызметкерлері.   

Құқық қорғау органдары академиясында өткізілетін оқытудың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың жоғары басшылық лауазымдарына тағайындау үшін қажетті кәсіби дағдылары мен басқарушылық құзыретін жетілдіру.

Іс-шараның ашылуына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары, Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, жетекші ғалымдар, халықаралық сарапшылар және т.б. қатысады.  

Курстың ашылу салтанатына қатысқысы келетін журналистерді мына телефондар: 8701-534-04-48 немесе 8701-886-36-65 және e-mail: nuralin.ardager@mail.ru бойынша 2016 жылдың 29 қазанында сағ. 18.00-ге дейін аккредитациядан өтуді сұраймыз.

Іс-шара туралы ақпарат тарату үшін БАҚ өкілдерінің а.ж. 31 қазанында сағ. 10.00 де келуін қамтамасыз етуді сұраймыз. 

Іс-шара өтетін жер: Астана қ., Омаров көш., 60 үй.    

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.