БАҚ үшін аңдатпа

29 мамыр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылғы 30 мамырда Бас прокуратурада прокуратура органдары  қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік  қызметте – мемлекеттік  тілмен» атты республикалық конкурсы өткізіледі.

Байқауға Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, Астана, Алматы қалалары, облыстық прокуратуралардан барлығы 19 команда қатысады.

Іс-шара материалдарын жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Тіркеу мына электрондық байланыс арқылы жүргізіледі: 7172169@prokuror.kz.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратураның ғимараты.

Басталуы: сағат 10:00.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, БАҚ өкілдерінің алдын-ала, яғни, сағат 09:30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу