Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.ж. 4 наурызда «Процестік заңнаманы жаңғырту – сот төрелігі және құқық қорғау қызметі тиімділігінің кепілі» тақырыбындағы халықаралық конференция аясында сотқа дейінгі тергеудің қазіргі заманғы моделі, қылмыстық қудалаудың сапасын арттыру мәселелері талқыланатын болады.

Конференцияны Конституциялық кеңес, Бас прокуратура және Жоғарғы сот халықаралық серіктестердің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің,  Конституциялық кеңесінің, Бас прокуратураның, Жоғарғы сотының, Мемлекеттік қызмет істері, әділет, ішкі істер министрліктерінің басшылығы, Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының, халықаралық, үкіметтік емес, қоғамдық, құқық қорғаушылық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері, шет елдік және қазақстандық құқықтанушы ғалымдар қатысады.  

Өткізілетін орны: «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешені, (Алматы облысы, Талғар ауданы, Алатау селолық округі, Алматы қаласынан 35 шақырым)

Жиналыстың ашылуы: сағат 09:00-де.

Конференция жұмысын жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Тіркеу келесі байланыстар арқылы жүргізіледі:

Бас прокуратураның баспасөз қызметі: 7172737@prokuror.kz

Алматы қ. прокуратурасының баспасөз қызметі: 7272111@prokuror.kz

Журналистерді іс-шара өтетін орынға жеткізу үшін көлік ұйымдастырылған. 4 наурыз күні сағат 07:00-де «Атакент» орталығының басты кіреберісінде (Әуезов-Тимирязев көшелерінің қиылысы) автобус күтетін болады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

Байланыс телефондары: 8 /727/ 265-05-25, 8-747-877-75-17

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.