You are here

БАҚ үшін аңдатпа

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін, 30 қарашада Бас прокуратурада «Шығармашылық - экстремизмге қарсы» шығармашылық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдерінің арасындағы «Шығармашылық - экстремизмге қарсы» атты экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті тақырыптарды үздік жариялауға арналған байқауды Діндерді зерттеу орталықтарының қауымдастығы Бас прокуратураның тапсырысымен өткізген болатын.

Байқау жас мамандардың мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар саласында ғылыми ізденіс жүргізу бастамаларын ынталандыруға мүмкіндік берді, халықтың дәстүрлі мәдени құндылықтарын насихаттауға, жас оқушылардың діни идеологияны қабылдаудағы сыншыл ұғыну қабілеттерінің дамуына септігін тигізді.

Байқау аясында конфессияаралық келісім моделін насихаттағандары және конфессиялық салаға қатысты оқиғаларды кәсіби жариялай білгендері үшін БАҚ өкілдерінің материалдары да аталып өтілді.

Қатысуға өтінімдерді қабылдау арнайы сайт (www.konkurs-acir.kz) арқылы екі ай ішінде жүзеге асырылды. Жалпы 53 жұмыс номинацияға енгізілді, оның ішінде 17-сі байқау комиссиясының шешімімен жеңімпаз және жүлдегер болып танылды.

Жеңімпаздарға естелік дипломдар және құнды сыйлықтар тапсырылады.

Осы іс-шара туралы жариялау үшін БАҚ өкілдерін шақырамыз.

Тіркеу мына электрондық байланыс арқылы жүргізіледі: 7172225@prokuror.kz.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратураның ғимараты.

Басталуы: сағат 17:00.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, БАҚ өкілдерінің алдын-ала, яғни, сағат 16:30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.