You are here

БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 30 мамыр 2014 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары қызметкерлерінің арасындағы «Мемлекеттік қызметте – мемлекеттік тілмен» атты республикалық байқау аяқталды.

Байқауға Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Астана, Алматы қалаларының прокуратуралары, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы және облыстық прокуратуралардың өкілдерінен құралған 19 команда қатысты.

Әрбір команда мемлекеттік тілді білудің жоғары  деңгейін, оны өзінің күнделікті кәсіби қызметінде шебер қолдана алатындарын көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының  «Тіл сақшылары» командасы, бірінші орынды Павлодар облысы прокуратурасының «Аманат» командасы жеңіп алды. Екінші орын Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының «Оңтүстік айбыны», Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының «Қызылжар қырандары» команадаларына берілді. Үшінші орынды Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Арғымақ» командасы мен Маңғыстау облысы прокуратурасының  «Маңғыстау – майлы қиян» командасы иеленді.

Сонымен қатар, байқаудың жекелеген сайыстары бойынша ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан қызметкерлерге әртүрлі номинациялар бойынша Бас Прокурордың алғыс хаттары беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.