You are here

БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2015жылғы 2 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бірқатар БАҚ-та көптеген қазақстандықтардың түсінбестігін туғызған ақпарат пайда болды. Онда пара алғаны үшін сотталған ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-басшысы М.Оспанов 7 жылдан соң мемлекеттік қызметке қайтып келе алады деп айтылды. Мұндай болжамдар теріс әңгіме мен дақпырт сөздерді тудырады, бұл мүлдем дұрыс емес.

Осыған байланысты Бас прокуратура жағдайды түсіндіруді қажет деп есептейді. 2015 жылғы 23 шілдеде Астана қ. сотының кассациялық сатысы Оспановтың адвокатының сот үкімімен келіспеу туралы шағымын қарады. Осы ретте кассация үкімді негізгі, яғни, айыппұл салу бөлігінде жазалауды өзгеріссіз қалдырды, ал қосымша жазалау – мемлекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын өзгертті. Осы мерзім сот шешімімен 7 жылға дейін қысқартылды.

Осындай шешім неге қабылданды? Бұл сыбайлас жемқорлар үшін мемлекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыруды енгізген, биыл қабылданған жаңа Қылмыстық Кодекске байланысты қылмыстық заңның сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу бөлігіндегі талаптарына сәйкес. Оспанов қылмысты бұрынғы қылмыстық заң әрекет еткен кезеңде, яғни, мемлекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан максималды айыру жеті жылға дейін қарастырылған кезде жасады.

Істі қайта қарау кезінде жоғарыда айтылған сот қылмыстық құқықтың негізін қалайтын – сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу туралы принципін негізге алды. Сотталған адамның жағдайын нашарлататын заңның кері күші жоқ екені баршаға мәлім. Сөйтіп, жоғарыда айтылған сот шешімімен жаза заңды түрде Оспанов қылмыс жасаған мезетте қолданыстағы Қылмыстық кодекспен сәйкес келтірілді.

Алайда, бұл шын мәнісінде осы азаматтың жеті жылдан кейін мемлекеттік қызметке қайтып келе алатынын білдірмейді. Себебі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 10-бабының 4-тармағы 6-2-тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны және сол үшін сотталған адамды мемлекеттік қызметке ешқашан қабылдауға болмайды. Сондықтан көрсетілген мемлекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығын 7 жылға шектейтін сот шешіміне қарамастан, Оспанов қолданыстағы Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес мемлекеттік органдардағы қандай да бір лауазымды иеленуге ешқашан тіпті үміттене де алмайды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.