БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2014 жылғы 4 сәуір)

04 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың наразылығы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында бірқатар ауыр қылмыстар жасаған А.Джекебаевқа қатысты Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сатыларының заңсыз қаулыларының күші жойылды.

 Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Джекебаев мүлкін тәркілей отырып, қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге 14 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Бірақ сотталғанның және оның адвокаттарының шағымы бойынша апелляциялық сот алқасы Джекебаевқа қатысты үкімді бірнеше эпизоды бойынша өзгерткен және оның әрекетінде қылмыстың құрамы болмауына байланысты ақтаған, сөйтіп, жазаның мерзімін 5 жылға дейін төмендеткен.

Соттың осы қаулысына Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы кассациялық наразылық енгізді, бірақ ол кассациялық сот алқасының қаулысымен қанағаттандырусыз қалдырылды.

Жоғарғы соттың Қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасының 2014 жылғы 11 наурыздағы қаулысымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сатыларының қаулыларының күші жойылды, бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу