БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2013 жылдың 26 шілдесі)

26 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қару-жарақ Бас басқармасының бастығы генерал-майор А.Әсенов, сондай-ақ «Укрспецэкспорт» МК өкілдері О.Школяренко және О.Хрульовқа қатысты үкім жарияланды.

А.Әсенов аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін (ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлігі) 11 жылға қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге бас бостандығынан айыруға, О.Школяренко және О.Хрульов – аса ірі мөлшерде пара бергендері үшін (ҚР ҚК 312-бабының 5-бөлігі) әрқайсысы 6 жылға қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге бас бостандығынан айыруға сотталған.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Үкімнің заңдылығы апелляциялық мерзімде тексерілетін болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу