БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2013 жылдың 19 қыркүйегі)

19 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Қорғаныс министрлігі Қару-жарақ Бас басқармасының бұрынғы бастығы генерал-майор А.Әсеновке және Украина азаматтары – «Укрспецэкспорт» МК қызметкерлері О.Школяренко және О.Хрульовқа қатысты бірінші сатылы соттың үкімі сотталғандардың шағымы бойынша апелляциялық тәртіпте қайта қаралды, соның нәтижесінде сот үкімі өзгеріссіз, сотталғандардың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Бұрын хабарланғандай, А.Әсенов аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін (ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлігі) 11 жылға қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге бас бостандығынан айыруға, О.Школяренко және О.Хрульов – аса ірі мөлшерде пара бергендері үшін (ҚР ҚК 312-бабының 5-бөлігі) әрқайсысы 6 жылға қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге бас бостандығынан айыруға сотталған болатын.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу