You are here

БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2013 жылдың 11 сәуірі)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылдың 11 сәуірінде «Время» газетінде жарияланған «Униженная и... оправданная!» атты мақала туралы келесіні хабарлаймыз. Қылмыстық қудалау органдары Павлодардағы «Колос» мәдени-демалыс орталығының бұрынғы директоры Г.И. Мотинаны ҚР ҚК 176-бабының 3-бөлігінің «г»-тармағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету), 307-бабының 1-бөлігі (Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану) және 314-бабының 1-бөлігі (Қызметтiк жалғандық жасау) бойынша айыптаған болатын.

Г.И. Мотинаның қылмыстық әрекеттерін сот ҚР ҚК 176-бабының 3-бөлігінің «г»-тармағынан ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігіне ауыстырды.

Павлодар қаласының қылмыстық істер бойынша қалалық сотының үкімімен ол ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігі (Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану) және ҚР ҚК 314-бабының 1-бөлігі (Қызметтiк жалғандық жасау) бойынша айыпты деп танылды.

Бұл қылмыстар онша ауыр емес санатқа жатқызылатын болғандықтан, ҚР ҚК 69-бабының (Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде қылмыстық іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Сот актісінің көшірмесін алғаннан кейін Бас прокуратура оның заңдылығы мен негізділігіне, сондай-ақ қаржы полициясы мен прокуратура органдарының лауазымды тұлғаларының шешімдері мен әрекеттеріне баға беретін болады. Осы жұмыстың нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.