You are here

БАҚ үшін ақпарат (Астана қ, 18 шілде 2014 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижесін талқылауға және алдағы кезеңдегі қызметтің басым бағыттарына арналған Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы басталды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев алқа отырысын алғы сөзімен ашты.

Төменде Бас Прокурор А.Дауылбаевтың сөзінің мәтіні.

Құрметті әріптестер!

2014 жылдың бірінші жартыжылында біздің күш-жігеріміз еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғауға, сонымен қатар, Елбасының тапсырмалары мен бағдарламалық құжаттарды сапалы жүзеге асыруға бағытталды.

Бас прокуратураның барлық мүдделі органдармен бірлесіп әзірлеген жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне Президент шілденің алғашқы күндерінде қол қойды.

Атқарған іс ауқымды және күрделі.

Енді біздің алдымызда жаңа жағдайға барынша тиімді және ауыртпалықсыз өту міндеті тұр.

Елбасы бекіткен (09.04.2014ж.) қылмыстық сот өндірісінің жаңа үлгісіне көшу бойынша біртұтас мемлекеттік жоспар аясында дайындық іс-шаралары басталып кетті.

Оның сапалы орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет.

Еңбекті көп қажет ететін тапсырманы жүзеге асырумен қатар, прокуратура органдары халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының, кәсіпкерлердің және мемлекеттің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді қамтамасыз етті.

Сыбайлас жемқорлық пен экстремистік көріністеріне қарсы белсенді шаралар қолданылды.

Әлеуметтік-экономикалық салада 269 мыңнан астам заңдылықтың бұзылуы мен 12 700 заңсыз құқықтық актінің күші жойылды, 35 мыңнан астам адам әртүрлі жауапкершілікке тартылып, 300 қылмыстық іс қозғалды.

Барлығы 390 мыңнан астам адамның бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, 122 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.

Мемлекет Басшысының еңбек жалақысын төлеу саласында азаматтардың құқықтарын қорғау тапсырмасы орындалуда.

Қолданылған шаралар бойынша проблемалық кәсіпорындарда жалақы бойынша қарызды азайтуға қол жеткізілді.

2010 жылдан бері жұмыс берушілердің қарызының көлемі 7 есеге – 4,6 миллиардтан 623 миллион теңгеге дейін азайды.

Жыл басынан бері 40 проблемалық кәсіпорында 668 млн. теңге көлемінде еңбек жалақысы бойынша қарыз толығымен өтелді.

Осы тұста 271 миллионнан астам теңгені өтеуді қамтамасыз еткен (сәйкесінше 156 млн. және 115 млн. теңге) Қарағанды және Қостанай облыстары прокуратураларының жұмыстары атап өтуіміз керек.

Атырау облысының прокуратурасы өңірдегі айлық жалақы бойынша қарызды толығымен өтеуді қамтамасыз еткен.

Елбасының пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырмасын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Прокуратура осы саладағы алып-сатудың жолын кесті.

2012 жылдан бастап мемлекетке жалпы құны 420 млрд. теңгеден астам жер телімдері қайтарылды.

Мысалы, Алматы облысында «Gate City» жобасының құрылысы үшін үш жер телімін жоғары бағамен сатып алу фактісі бойынша прокурорлар заңсыз төленген қаржыны өндіру туралы сотқа талап-арыз енгізді.

Аталған мәміледен келген шығын 900 млн. теңгеден асады.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының лайықты жұмысын ерекше атап өтуге болады.

Мораторий жағдайында, прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзбай, камералдық талдау арқылы өңірдегі кадастрлық құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 990 қолданылмай жатқан ауылшаруашылық телімдерін анықтады, олардың ішінде 272 жер телімі бүгінде мемлекетке қайтарылған.

Осының нәтижесінде прокурорлар қабылдаған шаралар шаруалардың ауылшаруашылық жерлерді қолдануына мүмкіндік беріп, шаруа және фермерлік қожалықтар санының артуына алып келді.

Заңсыз тексерулерден бизнесті қорғау бойынша Президенттің тапсырмаларын орындау аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен белсенді ынтымақтастық жалғасын тапты.

Орталық және аймақтық деңгейде бірқатар біріккен іс-шаралар өткізілді.

Мораторий жарияланғанға дейін шағын және кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 10 мыңнан астам тексерісті аяқтау қамтамасыз етілді.

Бұл 40 мыңнан астам кәсіпкерді тексеруден босатуға мүмкіндік берді, еліміздегі бизнестің даму жағдайын айтарлықтай жақсартты.

Мораторий жарияланғаннан соң, құқықтық статистика органында шағын және орта бизнеске жүргізілген 1561 тексеру тіркелді, өткен жылдың осы мерзімінде 51 857 тексеру жүргізілген.

Мемлекеттің материалдық мүддесін қорғау мәселесі қатаң бақылауда тұр.

Мемлекетке 38 млрд. теңгеден астам шығын өндірілді. Бұл тұтастай өткен жылмен салыстырғанда көп.

Прокурорлар мемлекеттік сатып алулар саласында алдын алу жұмыстарын белсенді түрде  жүргізді. Мысалы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының прокуратуралары 90 конкурстың күшін жойып, мемлекеттің экономикалық мүддесіне 17 млрд.-тан астам теңге сомасындағы шығынның алды алынды.

Жалған кәсіпкерлікпен күресуде нәтижеге қол жеткізіліп отыр.

Бюджет алдындағы жиынтық қарызы 27,4 млрд. теңгені құрайтын жалған кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы прокурорлардың 222 талап-арызын соттар қанағаттандырды. Кәсіпкерлік қызметінің көрінісін жасап жүрген жалған мәмілелер жасау фактілері бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды.

Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін 110 қозғалмалы құрамның пайдалануын тоқтатты.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша жұмыстар жетілдірілді.

Біз әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Парламент Мәжілісі мақұлдады.

2014 жылдың бірінші жартыжылдығында прокурорлардың арыздары негізінде 15 интернет-ресурстың өнімі заңсыз деп танылды.

Сот прокурорлардың 175 ақпараттық материалдың мазмұнын экстремистік деп тану туралы арыздарын қанағаттандырды.

Қазақстан аумағында бұл өнімді таратуға тыйым салынады.

Қылмыспен күрес саласында есепке алу-тіркеу тәртібін күшейту нәтижесінде еліміздегі қылмыстылық ахуал туралы мәліметтердің нақтылығы қамтамасыз етілді.

2014 жылдың бірінші жартыжылдығы нәтижесімен  қылмыстылық деңгейі күткеніміздей 5,5 %-ға төмендеді.

Аса ауыр және ауыр қылмыстардың тіркелуі төрттен бірге жуық төмендеді (сәйкесінше 24,3% және 25,7%). Кісі өлтіру 22,6%, ұрлау 27,9%, қарақшылық 49%, бопсалау 22,7% және бұзақылық 16,3% азайды.

Алкоголь және есірткімен масаю жағдайында жасалған қылмыс 2,5% кеміді.

Алайда, ауыр және аса ауыр қылмыстың ашылуы артқан, сәйкес 11% және 4%.

Арыздар мен ақпараттар туралы кітапта тіркелген арыздардың 93%-на 3 күн мерзімде шешім қабылданған.

Сотқа дайінгі қылмыстық өндірісті қадағалау аясында азаматтардың құқықтарын қорғай отырып, прокурорлармен 954 заңсыз ұстауда отырған азамат босатылды, 586 адамға қатысты негізсіз жүргізіліп келген жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылды.

Арнайы прокурорлар 292 неғұрлым күрделі және сілкініс тудырған қылмыстық істі тергеді, олардың 82-сі сотқа жолданды.

Азаматтардың сенім деңгейін арттыру басты мәселе болып табылатын құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстар басталды.

Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында тұрғындарға арналған Құқықтық статистика жөніндегі комитеттің инновациялық жобаларын енгізу, сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда қолданылған шаралар талқыланды.

2014 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің 33 отырысы өткізіліп, аймаққа тән маңызды мәселелер қаралды.

Қоғамдық кеңес институтын шебер пайдаланған Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жұмысын атауға болады.

Облыс прокурорының жеке қабылдауындағы Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуы баласының заңсыз сотталуы туралы үш жылда 58 арыз жолдаған шағымданушыны үкімнің негізділігіне сендірді.

Прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыспен күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесі мен прокуратура органдарының алқасына белсенді түрде қатысып келеді.

Арыз-шағымдардың сапалы қаралуына ерекше назар аударылды.

Ағымдағы жылы прокуратураға 144 мыңнан астам жеке және заңды тұлға шағымданса, оның ішінде 20 мыңнан астамы жеке қабылдаудан түскен.

Әрбір өтініш бойынша тексерістер жүргізілді, адамдардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Келіп түскен шағымдардың басым көпшілігі бақылауға алынып, ведомстволық тиесілігіне қарасты уәкілетті органдарға жолданды және олардың тиісті шешілуі қамтамасыз етілді. Өтініштерді қарау нәтижесімен 11 мыңнан астам адамның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді (11 281).

Прокрурорлар 200 мыңнан астам қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау процесіне қатысқан.

Біздің наразылықтарымыз бойынша 801 тұлғаға қатысты үкімдер заңға сәйкес келтірілді.

Қылмыс пен жазаның мөлшерлестігін қамтамасыз ету есебінен олардың 247-нің жағдайы жақсарды.

Сонымен қатар, азаматтық және әкімшілік істер бойынша енгізілген 1001 наразылық қанағаттандырылды.

Прокурорлардың араласуынан кейін мемлекет кірісіне 10,5  млрд. теңге, азаматтар мен заңды тұлғалардың кірісіне 789 миллион теңге айлық жалақыны қоса алғандағы 2,5 млрд. теңгені өндіру туралы сот шешімдері орындалды.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас прокуратураның қамқорлығымен азаматтық қоғамда оң көзқарасқа ие болған Ұлттық алдын алу тетігі өз жұмысын бастады.

Сотталғандарға ынталандырушы шараларын – шартты түрде мерзімінен босату және жазаны ең жеңіл түріне ауыстыруды қолдану тәжірибесі біртіндеп кеңейіп келеді.

Осының нәтижесінде, сотталғандардың қанағаттандырылған өтініші 22%, яғни, 3 мыңға дейін артқан.

Халықаралық ынтымақтастық саласында белсенді жұмыс жүргіліп келеді.

Венгриядан сотталғандарды алу және беру туралы келісім-шарт жасалды.

Болгария, Монако Князьдігі және Румыниядан сотталғандарды алу және беру, қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы алдын-ала рәсімдер аяқталып, екіжақты келісім жасауға дайын болды.

Қазіргі таңда Италия Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам және Индонезиямен осы тектес келісім–шарт жасасуға қатысты дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Атқарылған іс аз емес. Алайда, бұл жұмыс қарқынын бәсеңдетуге себеп болмауы тиіс. Алдағы уақытта бірқатар жауапты және маңызды тапсырмаларды жүзеге асыруымыз керек.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.