БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 18 қыркүйек 2015 жыл)

18 қыркүйек 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары қызметкерлерінің арасындағы «Тіл-достық көпірі» атты республикалық байқау аяқталды.

Байқауға Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Астана қаласының прокуратурасы, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы және облыстық прокуратуралардың өкілдерінен құралған 18 команда қатысты.

Әрбір команда мемлекеттік тілді білудің жоғары  деңгейін, оны өзінің күнделікті кәсіби қызметінде шебер қолдана алатындарын көрсетті.

Бас жүлдені Ақтөбе облысы прокуратурасының командасы, бірінші орынды Ақмола облысы прокуратурасының командасы жеңіп алды. Екінші орын Жамбыл облысы прокуратурасының командасына берілді. Үшінші орынды Бас әскери прокуратураның командасы иеленді.

Сонымен қатар, байқаудың жекелеген сайыстары бойынша ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан қызметкерлерге әртүрлі номинациялар бойынша Бас Прокурордың алғыс хаттары беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу