БАҚ үшін ақпарат

18 наурыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы 4 ақпан күні Бас прокуратураның Call-орталығына Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Тоқсанай аулының тұрғыны Н.Р.Төлебайдан «Denaraxsaz corporation» және «Denaraxsaz Kazakhstan» ЖШС жұмысшыларына 2015 жылғы қараша мен 2016 жылғы қаңтар айлары аралығындағы еңбек жалақыларының төленбегені туралы қоңырау түсті.

Call-орталығына келіп түскен арыз сол күні тіркеліп, қарау үшін Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына жолданды.

Прокуратура органдары қабылдаған шаралар негізінде 350 жұмысшының алдындағы 50 млн. теңге жалақы бойынша қарыз толығымен төленді.

Бас прокуратура Call-орталығының жетекшісі Александр Дуккардттың хабарлауынша, ағымдағы жылдың басынан бері Call-орталығында тіркелген өтініштер бойынша жұмысшылардың еңбек жалақылары бойынша 54 млн. теңге сомасындағы қарыздары өтелген. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу