БАҚ үшін ақпарат

14 қазан 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі семинар-кеңес өткізілді.

Жиынның мақсаты – прокуратура органдарында өтініштермен, азаматтарды қабылдаумен және іс жүргізумен байланысты жұмыстарды жетілдіру, өтініштерді қарау туралы заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалаудың сапасын арттыру болып табылады.

Іс-шараға бейнеконференциялық байланыс арқылы Бас прокуратура, ҚСжАЕК, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметкерлері, қалалаық, аудандық және арнайы прокурорлар қатысты.

Семинарға қатысушылар атап өткендей, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау құқық қорғау органдарына халықтың сенім деңгейін арттырудың кілті болып табылады.

Семинар барысында қылмыстық процестің қатысуышыларынан түсетін арыздарды қоса алғандағы өтініштерді қараумен, статистикалық есептілікті автоматтандырумен, азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастырумен, іс жүргізумен байланысты мәселелер талқыланып, прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу