БАҚ үшін ақпарат

30 сәуiр 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде «В Контакте» және «Facebook» әлеуметтік желілерінде бірнеше жас жігіттің өз қатарластарын соққыға жыққандары көрсетілген бейнероликтер жарияланды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 180-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп болып табылады.

Осыған орай, Ішкі істер министрлігіне аталған фактілерді Сотқа дейінгі       тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеу және қажетті ықпал ету шараларын қабылдау тапсырылды.

Облыстардың прокурорларына әлеуметтік желілерде орналастырылатын осы тәріздес материалдарға уақтылы ден қою және кезек күттірмес шаралар қабылдау, олардың тергелуіне тиісті бақылау жүргізу қажеттілігіне бағдар берілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижелері және қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу