Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы 24 маусымда Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшыларының, аумақтық прокурорлардың, бақылау-қадағалау органдары, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бейнеконференциялық режимде жиын өтеді.

Жиында Бас прокуратура мен Ұлттық палата арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумның жүзеге асырылу барысы талқыланатын болады, сонымен қатар осы бағыттағы бірлескен қызметтің басым міндеттері белгіленеді.

Іс-шара материалдарын жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратураның ғимараты.

Басталуы: сағат 12:00.

Тіркеу мына электрондық байланыс арқылы жүргізіледі: 7172169@prokuror.kz.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, БАҚ өкілдерінің алдын-ала, яғни, сағат 11:30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Ескерту: Бас прокуратураға келушілердің ұялы телефондары бақылау-өткізу бекетіндегі сақтау жәшігіне тапсырылады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.