БАҚ үшін ақпарат

12 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі уақытта Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға бойынша 25-тен астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бұл жаппай тәртіпсіздіктер мен оған шақыру, сондай-ақ кісі өлтіруге, бұзақылыққа, зорлық-зомбылық жасауға арандату, полиция қызметкерлерінің өміріне қастандық жасау бойынша   қылмыстық істер.

Олар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің, Ішкі істер министрлігінің және Экономикалық тергеу қызметінің тергеушілерінен ведомствоаралық және ведомстволық тергеу топтары құрылды.

Топтарды Бас прокуратураның арнайы прокурорлары және Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тәжірибелі тергеушілері басқаруда.

Қажетті тергеу әрекеттері, оның ішінде оқиға орнын қарау жүргізілуде және сот сараптамасы тағайындалды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу