You are here

БАҚ үшін ақпарат (2016 жылғы 23 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін елордалық Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері арасында Құқық қорғау органдары академиясы ректорының кубогы үшін бірінші рет мини-футболдан турнир өткізілді. Турнир тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен прокуратура органдарының 25 жылдығына арнап ұйымдастырылды.   

Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов іс-шараны ашу кезінде ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және прокуратура органдарының командалары қатысып отырған турнирдің маңыздылығын атап өтті.

Жарыс достық көңіл-күйде, спортқа деген құлшыныс пен әділ тартыс жағдайында өтті. Бас әскери прокуратура турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды ҰҚК командасы иеленді. ІІМ командасы құрметті үшінші орынға ие болды. Үздік қорғаушыға, шабуылшыға және қақпашыға кубоктар мен жүлделер берілді.

Турнир жыл сайын өткізілетін болады.

Бас прокуратурас жанындағы Құқық қорғау

органдары академиясының баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.