You are here

БАҚ үшін ақпарат (2015 жылғы 21 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жасөспірімдер қылмысының профилактикасы жөніндегі прокуратура органдарының мобильдік топтары балалардың бақылаусыз қалуын ескертуге, сондай-ақ балаларға зорлық-зомбылық жасаудың және оларға қаталдықтың профилактикасына бағытталған жұмыстар атқаруда.

Жүргізілген рейдтер барысында жүзден астам нашар отбасы  анықталған, оларда балалар әлеуметтік қауіпті жағдайда болған және уәкілетті органдардың сәйкес жұмысымен қамтылмаған. Балаларға қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді.

Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау ауданы прокуратурасының мобильдік тобы кәмелетке жасы толмаған М.-ді анықтады, ол туыстарында болған. Әңгілемелесу барысында ол өгей әкесінің қаталдығынан үйге баруға қорқатынын мәлімдеген.

Қазіргі уақытта ол бала Кәмелетке жастары толмағандардың орталығына орналастырылды, оның өгей әкесіне қатысты материал Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ішкі істер органына сотқа дейінгі тергеуді жүргізу үшін жолданды.

Алматы қаласының Алатау ауданы прокуратурасының мобильдік тобы жүргізген рейд барысында ауыр материалдық жағдайға байланысты мектепке бармай жүрген кәмелетке жастары толмаған (2008, 2009 ж. т.) екі бала анықталды.

Осы факт бойынша аудан прокуратурасы Алматы қаласының №151 жалпы білім беру мектебіне анықтау бойынша шаралар қабылдады.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.