БАҚ үшін ақпарат

14 наурыз 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура а.ж. 1 наурыз күні Астана қаласында «Шанхай» дәмханасының қызметшілері мен прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында орын алған кикілжіңге қатысты мынаны хабарлайды.

Қызметтік тексерістің қорытындысына сәйкес, Прокуратура қызметкерлерінің Ар-ождан кодексінің нормаларын өрескел бұзғандығы және прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Абзал Заңқоев Астана қаласы прокурорының 2014 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен Астана қаласының «Есіл» ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан босатылды және прокуратура органдарынан қызметтен шығарылды, Ілияс Әбдуәлиев Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көлік басқармасы бастығының а.ж. 3 наурыздағы бұйрығымен аталмыш басқарманың аға прокуроры лауазымынан босатылып, прокуратура органдарынан қызметтен шығарылды.

Сондай-ақ өз бағыныштыларына тиісті бақылау жасамауы салдарынан сеніп тапсырылған бөлімше қызметкерлерінің прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін әрекет жасауына әкеліп соқтырғаны үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының бұйрығымен ҚСжАЕК Аймақтық басқармасының бастығы Маралбек Ешімов қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту алды.

Қол астындағы қызметкерлерінің Прокуратура органдары қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарын сақтауын қамтамасыз етпегені үшін Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуроры Біржан Мәжреновке сөгіс жарияланды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу