You are here

БАҚ-тар үшін ақпарат (17ақпан 2017 ж., Алматы қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары шеңберінде Бас Прокурор Жақып Асанов аймақ кәсіпкерлерімен кездесті.

Кездесуге сондай-ақ Алматы қ. әкімі Бауыржан Байбек, Алматы қ. прокуроры Ғабит Миразов, ұлттық компаниялардың, даму институттарының, екінші деңгейлі банктердің, Алматы кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен аймақтық кеңес мүшелері, Индустриализациялау картасы, индустриалдық аймақ қатысушылары қатысты.

Бизнес-жұртышылық алдында сөз сөйлеген Бас Прокурор Алматының ел экономикасының бестен бір бөлігін және республикалық бюджет түсімінің үштен бірін құрайтындығын ерекше атап өтті. Қазақстанның қаржылық нарығының 90%-ы осы жерге шоғырланған.

Ел экономикасының базалық құрамдастарының бірі ретінде, кәсіпкерлікті дамытудың ерекше рөлін атап өткен Бас Прокурор бизнесті қорғау мақсатында прокуратура қабылдап жатқан шаралар туралы айтты. Бас прокуратураның, «Атамекен» ҰКП-ның және «Нұр Отан» партиясы жанындағы РҚСЖҚІК-нің бірлескен жобасы – «Бизнесті прокурорлық қорғаудың» негізгі бағыттарына тоқталды. Елімізде жайлы бизнес-климат құру бойынша жүрігізіліп жатқан жұмыстың нәтижелерімен бөлісті.

Жол картасы шеңберінде қабылданған жүйелі шаралар нәтижесінде қазірден бастап оң динамика байқалады.

Бас Прокурордың сөзінше, СЭС пен ТЖ желісі бойынша тексерістер бойынша 11 мың талап жойылмақ. Адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін маңызды 3 мың талап қана қалады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде әкімшпроцесті ізгілендіру бойынша мәселелер пысықталуда. Атап айтқанда, жеңілдететін мән-жайлар кезінде бизнес үшін әкімшайыппұлдарды 30%-ғатөмендету жөніндегі ұсыныстар қазіргі уақытта Мәжілісте тұр. Экономикалық қылмыстар қозғаудағы тәсілдерді өзгерттік. Қылмысты тек тексерістер мен зиян актілері бар болса ғана тіркейміз. Нәтижесінде қылмыстық істер 10 есеге аазайды (Форумға дейін – 6 мың, кейін- 560).

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап кәсіпкерлердің ұзаққа созылатын сот талқылаулары мен орасан зор шығындарсыз фискалдармен болатын дауларды шеше алатындығына назар аударылды. Ол үшін салық және кеден даулары бойынша сотқа дейінгі апелляция институты құрылды.

Өз сөзінде Жақып Асанов уәкілетті органдардың жұмысындағы жекелеген жүйелі кемшіліктерді, сондай-ақ проблемалы мәселелерді атады. Қарағанды қаласындағы тексерістер бойынша жұмыстынң нәтижелері туралы айтты, онда Бас прокуратура бригадасы бизнес өкілдерін қылмыстық процеске заңсыз тарту, заңсыз тексерістердің уақытылы жолын кесу бойынша шаралар қабылдамау, кәсіпкерлердің өтініштерін сапасыз қарау фактілерін анықтады. 

Бас прокуратура электрондық форматқа, қылмыстық процесті жеңілдетуге және жеделдетуге көшуді ұсынады.

«Жедел қызметкерлер, тергеушілер немесе прокурорлар қылмыстық процесте өздерін қожайын сезінбеулері үшін, электрондық қылмыстық істі енгізетін боламыз. Бұл барлығы ашық болу үшін қажет. Кез келген уақытта не болып жатқанын бақылау және бұзылған құқықтың сұрауын талап ету үшін керек. Тергеп-тексеру мерзімдерін қысқартамыз, әсіресе айқын қылмыстар бойынша. Әлемнің өзге елдерінен көріп отырғаныздай, істерді біздегідей 3-5 айда емес 1-2 күнде аяқтайды», - деді Бас Прокурор аймақ кәсіпкерлерімен кездесуде. 

Қадағалау ведомствосының басшысы бизнесті қорғау мәселелері бойынша электрондық сервистерді дамытуды ұсынды. Жақын уақытта «Бизнес-тірегі» порталының мобильді қосымшасы  іске қосылатын болады. Бас прокуратураның сайтында «Заңды бірге жақсартайық» атты арнайы формуляр бар, онда кәсіпкерлер бизнестің дамуына кедергі келтіретін нормаларды көрсете алады. Оның пікірінше, бизнес-қоғамдастықтар құқықтық базаны жақсартуға белсендірек қосылуы тиіс. «Бизнестің проблемаларын бизнесмендердің өздерінен артық білетін ешкім жоқ», деп атап өтті  Ж.Асанов.

Жақып Асанов  Мемлекет Басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар мен бағдарлар туралы айтты. Бұл - бизнесті дамыту, салық заңнамасын жеңілдету, бақылау-қадағалау функцияларына ауқымды тексерістер жүргізу.

Конституциялық реформаға жеке тоқталып өтті. Атап айтқанда, ұсынылып отырған Конституцияның 26-бабына түзетулерге тоқталды. Ол түзетулердің шетелдіктерге жер беру мәселелерін көздемейтіндігін атап өтті. Жер мәселелері Негізгі заңның 6-бабында бекітілген, және ол өзгертілмейді.

Кездесуде сондай-ақ Алматы қ. әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов пен Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының директоры  Юрий Тілеумұратов сөз сөйледі.

Кездесу барысында бизнесті жүйелі жетілдіру бойынша аймақ кәсіпкерлерімен қызу пікір алмасу өтті.

Бас Прокуратураның баспасөз қызметі 

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.