БАҚ-тағы А.Шалабаеваны соттау туралы жарияланымдарға қатысты

07 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Бірінші орынбасары И.Меркель:

2013 жылғы 7 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарында Мұхтар Әблязовтың зайыбы – Алма Шалабаеваның  соты болыпты-мыс деген сияқты шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап кетті.

Бұл келеңсіздіктің мен айтқан сөздердің дұрыс түсінілмеуіне байланысты орын алғанын хабарлаймын.

Жаңсақ ақпараттың тарап кетуін болдырмау мақсатында  А.Шалабаеваның  процессуалдық мәртебесіне  байланысты ахуалды қайталап түсіндіремін.

А.Шалабаеваның шынында да 2012 жылғы 6 қазанда анықталған ұлттық төлқұжаттардың заңсыз дайындалуы  мен берілуі фактілеріне, бірқатар адамдарға, оның ішінде Қазақстан Республикасында  болмаған кезінде Шалабаеваның өзінің де пара беруге   қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Ағымдағы жылғы 4 маусымда бұл факті бойынша Атырау қаласы  көші-қон полициясы мен әділет басқармасының лауазымды адамдарына қатысты, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 314-бабы (қызметтік жалғандық жасау) бойынша  айыптау үкімі шығарылды.

Қазіргі уақытта А.Шалабаева Алматы қаласынан кетіп қалмауы жөнінде қолхат алынып тұрып жатыр, оған айып әлі тағылған жоқ. Тиісінше ол сотталмаған.

Алматы қаласын ол өз қалауы бойынша  таңдап алған, тергеу аяқталғанға дейін тек тергеушінің рұқсатымен ғана оған қаланың шегінен шығуға рұқсат беріледі.

Қазіргі кезеңде  А.Шалабаеваның заңсыз әрекеттеріне қандай да бір арыз немесе шағым келіп түскен жоқ.

А.Шалабаева Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген, оның ішінде қылмыстық қудалау органдарының әрекеттері үшін прокуратураға немесе сотқа шағымдану  жөніндегі барлық құқықтарды пайдаланады. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу